Жаңалықтар

Тарихшылармен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бір топ тарихшыларды қабылдады. Басқосуға  Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан келген, сондай-ақ жергілікті ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың  «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық бағдарламасы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары аясында  Ақтөбе  өңіріндегі  тарихи-мәдени ескерткіштерге  реставрация жасау, жыр-дастандар жинағын шығару, ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізу  сынды  мәселелер қаралды.

Облыс басшысы аталған жайларға қатысты  тарихшылардың  бірқатар ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мәселен, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, белгілі өнертанушы жырау Алмасбек Алматов  Едіге жырауды фольклорлық музыка  ретінде таспаға басып шығару қажеттігін ұсынса, Ә.Марғұлан атындағы археология институтынан келген ғалымдар археологиялық қазбаларға  қатысты ұсыныстарын білдірді.

Қазір еліміз бойынша өзекті болған мәселенің бірі — жекеменшікке өткен жердің иелері ғимарат салмастан бұрын   археологиялық зерттеу жүргізбейді. Бұл жер астынан шыққан  жәдігерлердің  жойылып кетуіне алып келуі  мүмкін.

«Тарихқа  қатысты  әрбір зерттеу жұмыстары ұқыптылықты, жан-жақты пысықталуды қажет ететін дүние. Біз қандай да бір бастамаға кешенді, жүйелі  түрде  кірісіуіміз қажет. Көнені зерттеу, оны келешек ұрпаққа табыстау — біздің міндетіміз. Рухани жаңғыру болмай, экономикалық даму болмайды», — деді  Оңдасын Оразалин.

Облыс басшысы  кейбір ұсыныстарға қатысты өзінің орынбасарына тапсырма беріп, бірнеше мәселелер бойынша жұмыстар жасалу қажеттігін айтты.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button