Мереке

Пасха мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Свято-Никольский шіркеуінде болып, православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

Сәуірдің 27-інен 28-іне қараған түні православие христиандары Пасха мерекесін атап өтті. Бұл мереке — православтар үшін қасиетті мереке.

— Тұңғыш Президентіміздің салихалы саясатының арқасында елімізде әрбір азаматтың жеке нанымына құрметпен қарайтын мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың берік моделі қалыптасты. Сондықтан елімізде бейбітшілік туы желбіреп, Қазақстанымыз гүлдей берсін! Мереке құтты болсын! — деді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыс басшысы өз сөзінде ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнаған Қазақстанда әрбір тұрғын өз тіліне, ұлтына және дініне қарамастан заң алдында тең құқығы бар екенін атап өтті.

Бұдан кейін Свято-Никольский шіркеуінің басшысы, иеромонах Киприан облыс басшысына сыйлық ретінде кітап ұсынып, еңбегіне табыстар тіледі.Мерекелік шара діни рәсімдермен жалғасып, тұрғындар ғибадат етті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button