Білім

Курс біліктілікті ұлғайтады

Ақтөбе қаласында  Алматы қаласы  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы білім беру жүйесінің басшы және педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыратын республикалық институтының  ұйымдастыруымен жаңартылған бағдарлама аясында  Қарлығаш Капизаеваның жетекшілік етуімен қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өтті.

Курс барысында өңірдің әр ауданынан жиналған әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, дарынды бала тәрбиелеудегі ұсыныстарымызды ортаға салдық.

Курстан кейінгі көзқарасымыз түбегейлі өзгерді. Білім қорымызды кеңейтіп, тұлға тәрбиелеу жолында тәжірибемізге орасан зор бағыт-бағдар алдық. Өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Ал осындай курстардың нәтижесінде ұстаздар үздіксіз ізденіп, кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Дарынды, талантты баланы жетістікке жеткізу, олардың ерекше қырларын ашу тұрғысында мұндай курстардың берері мол.

Үздіксіз ізденіп, талапқа сай қызмет жасау —  ертеңгі тұлға тәрбиелеп жатқан ұстаздардың алдындағы ең үлкен міндеттің бірі. Сондықтан ертеңімізге сенімді болғымыз келсе, бүгіннен бастап ізденіп, адал қызмет қылуымыз керек.

Ә.СҮЙІНӘЛИНА,

 №4 Хромтау орта мектебінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button