Жаңалықтар

Облыс әкімі вице-адмиралды қабылдады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бас штабы бастығының орынбасары, вице-адмирал Жандарбек Жанзақовты қабылдады.

Кездесуде Жем қаласындағы бұрынғы қатаң тәртіптегі колонияның аумағына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшесін орналастыру мәселесі талқыланды.

Облыс әкімі аталған жобаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті қолдауды көрсететіндерін атап өтті.

— «Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ іс. Сондықтан Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетін болады», — деді Оңдасын Оразалин.

Кездесу соңында Жем қаласын дамытуда бірлесіп күш жұмсау туралы келісілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button