Ақтөбе — 150Мәдениет

«Жұбановтар әуеніне келіңіз

26-30 сәуір аралығында Өнер орталығында Ақтөбе қаласының 150 жылдығы және Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай «Жұбановтар әуені — 2019» халықаралық ұлт аспаптар оркестрлері және ансамбльдерінің конкурс-фестивалі өтеді.

Облыс әкімдігі мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өтетін бұл шараға Тәжікстан Республикасынан «Чоргох» квартеті, Қырғызстанның Бішкек қаласының ансамблі, Түркия елінің Стамбул қаласынан «Анадолы» триосы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, Алматы облысынан «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Шымкент қаласынан Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Жамбыл облысынан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қарағанды облысынан Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптары оркестрі, Ақтөбе қаласынан А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қызылорда облысынан Қазанғап атындағы халық ұлт аспаптар оркестрі, Батыс Қазақстан облысынан Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы жанындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі мен «Торыатбасы әуендері» фольклорлық ансамблі, т.б. өнер ұжымдары қатысады.

Халықаралық конкурс-фестивальде бас жүлдені иеленген өнер ұжымына 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ 1-орынға — 700 мың, 2-орынға — 500 мың, 3-орынға 300 мың теңге көлемінде сыйақылар табысталады.

Айта кету керек, аталған конкурс-фестивальдің қазылар алқасына Ресей Федерациясының халық артисі, Ресей Федерациясы үкіметі сыйлығының лауреаты, «Достық» орденінің кавалері, РФ Композиторлар одағының Мәскеу композиторлық ұйымының мүшесі Александр Цыганков төрағалық етеді.

Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында Түркия елінің Білім министрлігінің арнайы сыйлығының екі мәрте иегері, түрік музыкасы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары кафедрасының доценті Юртцу Джихан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бағдат Тілегенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Дәурен Ғылымов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстрі Батыржан Мықтыбаевтар бар.

 

Д.ҚАЗИХАН.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында, Ақтөбе қаласының 150 жылдығы, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының  75 жылдығына арналған «Жұбановтар  әуені — 2019» Халықаралық ұлт аспаптар оркестрлер және ансамбльдер фестиваль — байқауының БАҒДАРЛАМАСЫ

 

26 сәуір

 

19.00 —  РФ Халық артисі Александр Цыганковтың А.Жұбанов  атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрімен бірлескен концерті (Москва қ,. РФ)                                

«Өнер орталығы» концерт залы.

 

27 сәуір

9.00-14.00  Дайындық

15:00 –                          18.00 Қаланың көрнекті жерлеріне Экскурсия.

18.00-20.00 «Ұлы даланың көне сарындары» — дәстүрлі музыка фестивалі —   «Қоғамдық келісім» ғимараты.

 

28 сәуір

 

10.00 Қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы академик Ахмет Қуанұлы Жұбанов және Қазақтың қазіргі замандық музыкасының негізін қалаушы, Қазақстанның және КСРО халық артисі, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі. (Қалалық мәдениет үйі алаңы, Жеңіс даңғылы, 31. Ақтөбе қаласы.)

 

11.00  «Өнер орталығы» ғимаратының алдына ағаш егу рәсімі. (Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б. Ақтөбе қаласы.)

 

11:30                            11.30 Халықаралық «Жұбановтар әуені —  2019» фестивалінің ашылу салтанаты.  Фестивальға  қатысушы ұжымдардың өнер көрсетуі.

        «Өнер орталығы» концерт залы.

13.30                            13.30 Түскі үзіліс

 

15:00-                               15.00-19.00 Халықаралық «Жұбановтар әуені — 2019» фестивалі қатысушыларының өнер көрсетуі.

«Өнер орталығы» концерт залы.

 

16.00 Халықаралық байқаулардың лауреаты, Гнесин атындағы Ресей музыка академиясының оқытушысы Андрей Дубовтың «От Мусоргского до Жубанова»  атты концерті (фортепиано,РФ, Москва қаласы)

«Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығы.

 

29 сәуір 2019жыл

 

10.00 Халықаралық «Жұбановтар әуені —  2019» фестивалі

қатысушыларының өнер көрсетуі.

 «Өнер орталығы» концерт залы.

 

11.00 Пресс конференция — «Өнер орталығы» фойесі.

 

13.00 – 14.00 Түскі үзіліс

 

15.00-17.00  Экскурсия

 

18.30 Халықаралық «Жұбановтар әуені — 2019» фестивалінің марапаттау рәсімі.

Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің «Ұлы даланың әуендері» концерті (Алматы қ.)

Өнер орталығы» концерт залы

 

30 сәуір

10.00-12.00 Қонақтарды шығарып салу.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button