Жаңалықтар

«Фотондағы» жағдай ерекше бақылауда болады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша, оның орынбасары Қайрат Бекенов «Фотон СҮ» ЖШС, «Ақ-Руно» ЖШС, көлік прокуратурасы, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі облыстық департамент, кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кеңес өткізді.

«Фотон СҮ» ЖШС директоры Александр Лукиенко кәсіпорында шикізатпен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар екенін жеткізді.  Кірме жолдарды ұсыну шартына сәйкес, жылжымалы құрамның өтуі үшін негізгі шикізат «Ақ-Руно» ЖШС-на тиесілі теміржол тармағымен жеткізілуі тиіс, бірақ тармақ иесі вагондарды өткізуден бас тартып отыр.

Өз кезегінде «Ақ-Руно» ЖШС басшысы Асқарбек Мамырбаев өңірдегі ондаған компаниялармен қандай да бір қиындықсыз бірлесе қызмет істеп келе жатқанын және «Фотон СҮ» ЖШС-мен де жұмыс істеуге дайын екенін, бірақ барлық келісімшарт міндеттемелерін орындап, теміржол тасымалы ережелерін сақтаулары шарт екенін атап өтті.

Сонымен қатар, кәсіпкер бұл даудың шаруашылық жүргізуші екі субъекті арасында және құқықтық өрісте қарастырылып отырмағанына түсініспеушілік танытты. Оның пікірінше, «Фотон СҮ» ЖШС жағдайды саясиландырып жіберген және мұны дұрыс емес деп санайды.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов өңір басшылығы аталмыш жағдайдан хабардар екенін атап өтті.

Тараптардың пікірін тыңдап шыққан ол компаниялардың қарым-қатынастарын қолданыстағы заңнама шеңберінде реттеу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты табиғи монополияларды реттеу департаменті тексеру жүргізіп жатыр, тексеріс нәтижесі 26 сәуірде белгілі болады.

Қайрат Бекенов мәселе шешілгенге дейін жағдайдың бақылауда болатынын айтты.

 Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button