Басты жаңалықтарӘкімдер есебі

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары

Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Ақтөбе облысының әкімі

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген талдау қорытындылары, тұрғындардың ұсыныстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы негізгі басымдықтар анықталды.

Тұтастай алғанда олар еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары есебімен құрылымдалды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Тұңғыш Президент — Елбасының Жолдаулары, Аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ақтөбе агломерациясын дамытудың өңіраралық схемалары, т.б.).

Елбасы атап көрсеткендей, негізгі міндеттердің бірі — тұрғындардың табысын одан әрі көтерумен және тіршілік сапасын жақсартумен еліміздің төртінші мегополисі ретінде Ақтөбе агломерациясының серпінді дамуын қамтамасыз ету. 

* * *

  1. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ

2018 жылдың қорытындысы бойынша ақтөбеліктердің орташа еңбекақысы 137,5 мың теңгені құрады, бұл — орташа республикалық деңгейден елеулі түрде төмен (ҚР бойынша — 162,2 мың теңге).

Біз тұрғындардың табысының құрылымын талдадық, олардың табыстарын көтеру тұрғысынан ерекше назар аударылатын мақсатты топтар анықталды.

Мәселен, ақтөбеліктердің еңбекақысының ең жоғарғы деңгейі қаржы және сақтандыру қызметінде, көлікте, өнеркәсіпте, ал ең төменгі деңгей — ауыл шаруашылығында, тұру мен тамақтану қызметтерінде, қосалқы жұмыстарда көрініс береді.

Бұл ретте өңір тұрғындарының 57%-ы орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады (137,5 мың теңгеге дейін).

Бір қызметкердің орташа айлық

номиналды еңбекақысы, тг.

Жұмыспен қамтылған тұрғындар,

барлығы

Орташа облыстық деңгейден жоғары/төмен еңбекақысы бар

контингент, %

Экономикада жұмыс істеушілер, барлығы 137 522 417 561  
Қаржы және сақтандыру қызметі 207 649 5 258 43%

орташа облыстық деңгейден

жоғары

еңбекақы алады

(137,5 мың

теңге)

Көлік және

жинақтау

 

192 900 36 868
Өнеркәсіп 184 786 84 350
Құрылыс 172 899 33 488
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 168 243 13 399
Ақпарат және байланыс 154 073 6 865
Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету 124 658 19 017 57%

орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады

(137,5 мың

 теңге)

Көтерме және бөлшек сауда; автомобиль және мотоцикл жөндеу 118 524 62 060
Өнер, көңіл көтеру және демалыс 117 615 7 100
Жылжымайтын мүлікпен

операциялар

104 330 8 208
Денсаулық сақтау

және әлеуметтік қызметтер

102 291 18 777
Білім беру 95 697 56 292
Әкімшілік және

қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

94 621 15 142
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер 85 173 9 408
Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы 82 921 30 164
Қызметтердің басқа түрлерін ұсыну 80 113 11 165

Сондай-ақ, облыста 20 мыңнан астам жұмыссыз және не табысы жоқ, немесе еңбекақысының төменгі деңгейімен еңбек қатынастары жария етілмеген 60 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрады.

Сонымен бірге, ақтөбеліктердің несиелік портфелі ұлғая түсуде.

Мәселен, ипотекалық несиелер бойынша портфель 30%-ға (56,5 миллиард тг.-ге дейін), тұтынушылық несиелер бойынша 10%-ға (123,5 миллиард тг.-ге дейін) өсті. Соған қарамастан, мерзімі өтіп кеткен қарыздың өсуіне жол берілген жоқ (9,1 миллиард тг.).

Жоғарыда баяндалған факторларды ескере отырып, 2025 жылға дейін орташа республикалық деңгейге жету үшін тұрғындардың табысының жыл сайынғы өсімін 9-12% деңгейінде қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданатын болады.  

Бірінші. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу.

Әкімдер мен тиісті басқармалар алдына бәсекелестік еңбекақымен 20 мыңнан кем емес жұмыс орнын құрылымдау жөнінде міндет қойылды.

Ағымдағы жылдың өзінде ғана кемінде 25 жаңа өнеркәсіптік инвестициялық жобаны, ал ауыл шаруашылығы саласында 200-ден кем емес жобаны жүзеге асыру міндеті тұр.

2025 жылға өңірдегі экономиканың 30%-ын қамтамасыз ете отырып, шағын және орта бизнестің жыл сайынғы үлесі ұлғаюы тиіс.

Ағымдағы жылы бизнесті қолдауға барлық көздерден 40 миллиард теңгенің бөлінуі — қолдау шарасы.

Экономиканы дамытудың және табысты көтерудің тағы бір маңызды факторы — 570 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту, бұл өткен жылғы деңгейден 10%-ға артық.

Перспективада барлық бағыттар бойынша өсім қарқыны өткен жылғы деңгейден жоғары болады.

Екінші. Жұмыс істеп тұрған компанияларда қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту.

Ағымдағы жылы облыстағы 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын орташа алғанда 15%-ға көбейтеді. Бұл 32 мың ақтөбелікті қамтиды.

Кәсіпорындардың басшылығымен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Бұл ретте әкімдіктер тарапынан кәсіпорындардың жоғарғы өндірістік жүктемеде болуына ықпал жасалатын болады.

Үшінші. Экономиканың базалық салаларын дамыту есебінен еңбекақы деңгейін көтеру.

Өнеркәсіп саласында 84 мыңнан астам адам еңбек етеді немесе бұл — жұмыс істейтін тұрғындардың 20%-ы, олардың орташа еңбекақысы 184,8 мың теңгені құрайды.

Мұнай кен орындарына неғұрлым белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жұмыс істеп тұрған кен орындарының қоры таусылуы есебімен «қара алтынды» өндірудің жаңа технологиясын енгізу қажет.

Бұл саланың міндеті — негізгі энергиялық ресурстар өндіру мен металл шығарудың төмендеуіне жол бермеу.

Оның үстіне, бүгінгі күні шикізатты белсенді түрде өндіріп қана қоймай, сонымен бірге оны өңдеу де қажет.

Мәселен, өткен жылы облыстан қосымша құнсыз негізінен өңделмеген формада 1,5 миллиард АҚШ долларына минералды шикізат экспортталды, бұл ретте оларды өңдеудің ауқымды әлеуеті бар (мысалы, 278 млн долларға рудалар мен мыс, хром концентраттары, 95 млн долларға мырыш экспортталды).

Сондай-ақ, қолда бар базаларды ескере отырып, өңірде мұнай өңдеу мен мұнай химиясын дамыту, нақты айтқанда, дизель майын, мұнай қалдығынан мазут және сұйық отын өндірісін, мұнай өнімдерін өнеркәсіптік майға қайта өңдеу, т.б. дамыту мүмкіндігі бар.

160 резервтік кен орындарын айналымға енгізудің ауқымды әлеуеті бар (никель-кобальт, фосфориттер, хромиттер, алтын және басқасы), бұларға көп миллиардтық инвестициялар тартуға болады.

Мысалы, Қарғалы ауданында – Мамыт кен орнында қоңыр көмір өндіруді оны өңдеумен және қосымша құнмен өнім алумен игеру (тыңайтқыштар, брикет және жартылай кокс), болашақта тау-кен байыту комбинаты құрылысын салумен (кобальт және никельдің 9 резервтік кен орны базасында)  темір, никель-кобальт кенін, қоңыр көмір кенін өндіру және цемент шикізаты кен орны базасында цемент зауытын салу жоспарлануда.

Мұғалжар ауданында  — «Юбилейный» кен орнында жылына құрамында алтыны бар 5 миллион тонна руданы өңдейтін қуаттылығы бар «AltunEx» ЖШС тау-кен байыту комбинаты құрылысы, сондай-ақ «Итастыбұлақ» молибден рудасы кен орнын игеру қажет.

Мәртөк ауданында титанды-цирконий кені орны игерілуде, алайда тау-кен байыту комбинаты құрылысы (бүгінгі күні  кен Ресейге экспортталады, онда байытылып, жоғары үстемеленген құнмен сатылады), сондай-ақ зерттелген қоңыр көмір қорын игеру қажет.

—  Әйтеке би ауданында мыс, каолин, темір рудасы кен орындарын игеру мүмкіндігі бар;

— Мұғалжар ауданында — 1,5 миллиард тонна зерттелген қорымен Ақтөбе фосфоритті бассейні негізінде минералды тыңайтқыштар шығару бойынша өндірісті құру;

— Хромтау ауданында — кобальт, никель кен орындарын игеру (15 кен орны), сондай-ақ никельді-кобальтты, хромитті, мыс-мырышты кендерді тереңдетіп қайта өңдеуді ұйымдастыру;

— Алға ауданында – рудалық емес кен орындарын игеру (кірпіш шикізаты 2 резервтік кен орны, 3 құм кен орны, 2 керамзит, аглопорит кен орны);

Басымдықтағы бағыт болып «қарапайым заттар экономикасы» саласындағы жобаларды жүзеге асыру, өңірге импортталатын тауарлар ТОП-10 ауыстыру үшін тауашалы салаларға инвесторлар тарту саналады.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ алдында облыстың инвестициялық әлеуетін белсенді түрде іске қосу және Индустриалды аймаққа инвесторларды тарту міндеті қойылады.

Бүгінгі күні бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде, олар: цемент зауыты, кірпіш шығаратын зауыт, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтары зауыты, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен, жел электр станциясы, т.б. 

Сондай-ақ, Елбасы атап көрсеткендей, аграрлық сектор экономиканың басты драйверлерінің біріне айналуы тиіс.

Ауыл шаруашылығының әлеуеті өте ауқымды, алайда саланың өңірдің экономикасына үлесі 5%-дан аз мөлшерді құрайды.

Бұдан басқа, бүгінгі күні облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлері орташа есеппен алғанда 83 мың теңге еңбекақы алады, бұл орташа облыстық деңгейден 40%-ға төмен.

Саланың еңбекақы деңгейін орташа облыстық мөлшерге теңестіру үшін 2025 жылға ірі қараны қазіргі 464 мыңнан 1,4 миллион басқа дейін, қой-ешкіні 1,1 миллионнан 3,4 миллионға, ал суармалы алқапты 21,6 мың га-дан 100 мың гектарға жеткізу қажет.

Сондықтан да саланы лайықты еңбекақысы бар және өнімділіктің жоғары деңгейіне ие жұмыс орындарын түрлендіруге қабілетті бәсекелестік ортаға айналдыру қажет.

Бұл үшін облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың Кешенді бағдарламасы жасалатын болады.

Бағдарлама аясында мал басы жөнінен де, сондай-ақ оның өнімділігіне де қатысты — мал шаруашылығын жеделдетілген дамыту бойынша шаралар қарастырылатын болады.

Облыстың әрбір ауданы «АкТеп» ЖШС-на ұқсас ірі тауарлы және жеке фермерлік шаруашылықты дамытуы тиіс.

Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдерінен ауыл шаруашылығының барлық салаларында (өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында) смарт-фермалар құрып, цифрландыруды енгізумен белсенді жұмыс істеу талап етіледі.

Ағымдағы жылы мынадай бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет: Алға ауданында құны 700 миллион теңге тұратын «Ұлан» ЖШС құс фабрикасы, Мәртөк ауданында құны 700 миллион теңге тұратын «Милкер» ЖШС құрама жем зауыты, Ақтөбе қаласында жалпы құны 2,3 миллиард теңге тұратын «Нан» шаруа қожалығы сүт-тауарлы фермасы, «Мұрагер-22» ЖШС балық өсіру цехы, тағы басқа көптеген жобалар құрылысы.

Резервтердің бірі  — ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану.

Бүгінгі күні облыстың 430-дан астам ауыл шаруашылығы құрылымы 220 мың гектар жайылымдыққа ие, олар мал шаруашылығын дамыту үшін пайдаланылмайды, бұл мал басын елеулі түрде ұлғайту үшін мүмкіндік берер еді.

Үздік халықаралық стандарттарға сәйкес құрылыс кластеріне айрықша көңіл бөлінетін болады.

Тұрғын үй заманауи технологиялар мен жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану жолымен оның құнын арзандату арқылы және ағымдағы жылы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосумен «көп және қолжетімді» принципі бойынша салынуы тиіс.

Бүгінгі күні болашақта экономиканың драйвері және жұмыс орнының қозғаушысы бола алатын туризмнің әлеуеті жете бағаланып отырған жоқ (сала әлемдік экономиканың 10%-ын құрылымдайды, әрбір 10-шы жұмыс орнын құрайды).

Туризм елеулі инвестицияны талап етпейді, табиғи және мәдени нысандардың болуы, сондай-ақ туристер үшін тұрмыстық жағдайлармен қамтамамыз ету: бірінші кезекте қауіпсіздік пен байланыс болуы жеткілікті.

Бүгінгі күні туризмді дамытудың ауқымды әлеуеті Ақтөбе қаласында, оның айналасында, сондай-ақ облыстың әр ауданында дерлік бар, алайда олар қажетті деңгейде пайдаланылмай отыр.

Мысалы, Ырғыз ауданында бірегей орын – «Жаманшың» метеорит кратері, табиғаты көркем Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи-зоологиялық резерваты, Байғанин ауданында борлы таулар — «Ақбота-Сәңкібай» және «Ақтолағай», Ойыл ауданында — Барқын құмы, Мұғалжар ауданында — Орқаш қорығы, Қарғалы ауданында  Қарғалы су қоймасы бар.

Төртінші. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалау мәліметтері бойынша облыстың көлеңкелі экономика деңгейі өңірлік экономиканың төртінші бөлігін құрайды.

Мемлекеттік кіріс департаменті әкімдермен бірлесе отырып, мынадай жұмыстарды жүргізі қажет:

– барлық кәсіпкерлерді (40 мыңнан астам) мәліметтерді онлайн-берумен бақылау-кассалық машиналарына көшіру;

– кәсіпкерлердің электронды шот-фактураларының міндетті көшірмесін жасау (ағымдағы жылдың І тоқсанына бюджетке қазірдің өзінде 700 миллион теңге қосымша түсімдер есептелді).

– акциздік тауарлар айналымына, базарларды, қоғамдық көлік нарығы, т.б. әкімшілендіруге қатаң бақылауды орнықтыру.

Сондай-ақ, ықпалды механизмдердің бірі ресми емес жұмыспен шұғылданушыларды ресми рәсімге көшіру болып табылады, ол үшін селоның әрбір тұрғынына оның мәртебесін анықтауға және оның жұмыспен шұғылдануы үшін одан әрі шаралар қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік карта жасалады.

Бұл үшін ағымдағы жылы 35 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау шараларымен — қайта оқытумен, гранттар бөлу мен жұмысқа орналастырумен қамтылатын болады.

* * *

2.ТІРШІЛІК САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2.1 АВТОЖОЛДАР

Автожолдар сапасы — біздің өңіріміздегі көкейкесті мәселелердің бірі.

Жыл сайын жол құрылысы қарқыны мен оны жөндеу өсе түсуде.

Егер 2017 жылы 300 км жол жөнделсе, 2018 жылы 400 км жөнделді, ал ағымдағы жылы 500 км-ден астам жолды жөндеу жоспарлануда.

Осы мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 40 миллиард теңге қарастырылды.

Жөндеу жұмыстары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады: Ақтөбе – Атырау – Астрахань (РФ) — 100-160 км, 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км, Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы — 0-21,5–33,5 км учаскесі, Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Соль-Илецк (РФ) — 40-70 км, 70-100 км, 100-125 км, 125-196 км, 196-267 км, 307-334 км, 334-371,9 км, Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық — 16,5-62 км, 125-150 км, 150-170 км, 170-190,9 км., Донское – Бадамша – Ақтөбе – Орск — 30-45 км, Қобда – Мәртөк — 0-30,5 км, 30-52 км, 52-82 км.

2019 жылы іске қосу мерзімімен автомобиль жолдарын қайта құрылымдау, құрылысы және жөндеу бойынша нысандар
Ақтөбе қаласы
1 «Оңтүстік айналма», 0-21,5 км
2 Ақтөбе ферроқорытпа зауыты өтпе жолына автомобиль жолы
3 Ақтөбе-Орск, 0-8 км
4 Тургенев көшесі автомобиль жолын Ғ.Жұбанова көшесіне дейін ұзарту
5 Батыс-2 шағын ауданындағы Мәңгілік ел көшесі бойынша автомобиль жолы
6 М.Мәметова көшесі және Сазды өзені арқылы көпірлі өткел
7 Ақжар-2 поселкесіндегі автомобиль жолы
8 Заречный-3 поселкесіндегі тұрғын үй массивіндегі автомобиль жолы
9 Заречный-4 поселкесіндегі тұрғын үй массивіндегі автомобиль жолы
10 312-атқыштар дивизиясы даңғылынан Әбілқайыр хан даңғылына дейін

М.Мәметова көшесі бойынша автомобиль жолы

11 Өтемісов көшесі бойынша автомобиль жолы
12 Байғанин көшесі бойынша автомобиль жолы
13 Құлымбетов көшесі бойынша автомобиль жолы
14 Бекқұл баба селосындағы автомобиль жолы
15 Ясный поселкесінде Мир көшесі бойынша

Ақтөбе-Алға трассасына шығумен автомобиль жолы

16 Өрлеу поселкесінен Кірпішті поселкесіне дейін автомобиль жолы
17 Ақжар-Родниковка автомобиль жолы
18 Ембі көшесі бойынша автомобиль жолы
19 Құрмыш, Қалалық сүт зауыты, Әуежай қалашығы, Благодарный, Қурайлы, Қарғалы тұрғын үй массивтеріндегі автомобиль жолдары
Әйтеке би ауданы
1 Комсомол селосында Т.Жүргенов көшесі бойынша автомобиль жолы
Алға ауданы
1 Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, 16,5-62 км уч.
2 Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, 125-150 км уч.
3 Алға қаласындағы 10 көшенің автомобиль жолдары құрылысы
4 Есет батыр көшесі бойынша автомобиль жолы
5 Болгарка-Қарабұлақ-ә/б бойынша автомобиль жолы (Алға-Қарабұлақ уч.) 40 км
Байғанин ауданы
1 Мәметова көшесі бойынша автомобиль жолы
Қарғалы ауданы
1 Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск, 30-45 км уч.
2 Бадамша селосында Астана, Қазақстан, Кеншілер, Байтұрсынов, Имашев, Еңбекшілер, Жангелдин көшелері бойынша жолдарды орташа жөндеу
Қобда ауданы
1 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, 307-334 км уч.
2 Бұлақ селосына кіру автомобиль жолын күрделі жөндеу
3 И.Тайманов, Құрманов, Сейфуллин, Молдағұлова, Иманов, Колесников көшелері автомобиль жолдары
Мәртөк ауданы
1 Мәртөк-Байторысай, 0-30,5 км уч.
2 Мәртөк селосында, Казанка селосында поселкеішілік жолдарды, Мәртөк селосы айналма жолын орташа жөндеу
3 Мәртөк селосы айналма жолы автомобиль жолы
Мұғалжар ауданы
1 Қандыағаш қаласы Болашақ шағын ауданы автомобиль жолдары құрылысы
2 Интернациональная көшесі автомобиль жолы
Темір ауданы
1 Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық 150-170 км уч.
2 Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық 170-190,9 км уч.
3 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, 40-70 км уч.
4 Шұбарқұдық селосындағы Гагарин, 8 наурыз, Байғанин, Октябрь көшелері бойынша жолды күрделі жөндеу
Ойыл ауданы
1 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, 125-196 км уч.
2 Шұбарқұдық-Ойы-Қобда-Соль-Илецк, 196-267 км уч.
3 Ойыл-Қаратал, 0-21 км уч.
4 Желтоқсан және Сәтбаев көшелері бойынша автомобиль жолы
Хромтау ауданы
1 Хромтау қалаы М.Әуезов көшесі бойынша автомобиль жолын қайта құрылымдау
2 Хромтау қаласы 22 квартал жаңа шағын ауданында көшелердің автомобиль жолдары құрылысы
3 Ойсылқара өзені арқылы көпірлі өткел
4 6 көшенің автомобиль жолдары
Шалқар ауданы
1 Шалқар-Бозой, 0-20 км учаскесі
2 Оңтүстік өткелінен Шалқар-Ырғыз тасжолына дейінгі айналма жол
2020-2021 жылдары іске қосу мерзімімен автомобиль жолдарын қайта құрылымдау, құрылысы және жөндеу бойынша нысандар
Ақтөбе қаласы
1 Оңтүстік айналым, 21,5-35,3
2 Арынов көшесіндегі жол өткелі
3 «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массиві 1а шағын ауданы көшелері бойынша және 1, 1а шағын аудандары автомобиль жолдары
4 Батыс-2 шағын ауданы автомобиль жолы
5 «Нұр сити» тұрғын үй массивіндегі автомобиль жолы
Алға ауданы
1 Алға қаласындағы Ағниязов, Иманов, Комсомол, Водопровод, Овражная көшелеріндегі автомобиль жолдары
Байғанин ауданы
1 Ақтөбе-Атырау трассасынан Қарауылкелді селосындағы Барақ батыр көшесіне дейінгі автомобиль жолы
Ырғыз ауданы
1 Ырғыз селосындағы поселкеішілік автомобиль жолдары
Қобда ауданы
1 Қобда-Мәртөк, 0-30 км учаскесі
2 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, 334-371,9 км учаскесі
Мәртөк ауданы
1 Қобда-Мәртөк, 30-52 км уч.
2 Қобда-Мәртөк, 52-82 км уч.
Мұғалжар ауданы
1 Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі, 111-145 км уч.
2 Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі, 145-175 км уч.
Ойыл ауданы
1 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк,  70-100 км уч.
2 Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк, 100-125 км уч.
Хромтау ауданы
1 Тасөткел селосына кірме жол
2 Тассай селосына кірме жол

Тұтастай алғанда, аудандарда тұрғындармен өткізілген кездесулер барысында қозғалған мәселелердің негізгі бөлігі шешімін табатын болады.

Бұл үшін аудандық жолдарды жөндеуге республикалық бюджет есебінен 1,4 миллиард теңге, ал Батыс-2, Заречный-3, -4, «Нұр Ақтөбе», тағы басқа тұрғын үй массивтері автожолдары құрылысын жүргізуге және жөндеуге облыстық бюджет есебінен қосымша қаржы бөлінеді.

Сондай-ақ, Ақтөбе-Орск автожолының 8-16 км учаскесін, Ақтөбе қаласындағы Сельмаш өтпежолын, Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр, Бөкенбай батыр көшелерінде, сондай-ақ бірқатар аудандық жолдарды қайта құрылымдауды қаржыландыру бойынша Үкіметпен арадағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Болашақта Шалқар-Ырғыз-Қандыағаш учаскелерін біріктіретін «Орталық-Батыс» жобасы жүзеге асырылады, ал ағымдағы жылдың аяғына дейін Атырау облысына шығумен Ақтөбе-Қандыағаш жолын жөндеуге әзірлік жұмыстары аяқталып, оған кірісу қажет.

Жалпы алғанда, жолдар құрылысы мен оны жаңғыртуды таңдауда халықты әлеуетті қамту мен басымдылығы ескеріледі.

Жолдарды жөндеуде жөндеу мерзімі мен шығындарын қысқарта отырып, қолданыстағы жабындының негізін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін «ресайклирование» әдісі кеңінен қолданылатын болады.

2.2 ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Тіршілік сапасын  көтерудің маңызды бағыты — қолжетімді баға бойынша сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Өткен жылы ғана облыс бойынша 908 мың шаршы метр немесе 7,9 мың пәтер іске қосылды, бұл — соңғы 50 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Ағымдағы жылы пайдалануға 1 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй немесе 8,7 мың пәтер беріледі.

Бұл мақсатқа «Нұрлы жер» бағдарламасын, жалға беру және коммерциялық тұрғын үйдің белсенді құрылысын жүзеге асыру аясында қол жеткізілетін болады.

Таяу уақытта өңір үшін Үкімет тарапынан Ақтөбе қаласында және облыстың 6 ауданында жалға берілетін үйлер құрылысы үшін 2,2 миллиард теңге бөлінеді.

2019 жылы іске қосу мерзімімен тұрғын үй нысандары құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массиві, №4 шағын аудан №19 үй
2 «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массиві, №4 шағын аудан №23 үй
3 «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массиві, №3 шағын аудан №35 үй
Алға ауданы
1 5 қабатты 60 пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

(1 корпус) Алға қаласы

Байғанин ауданы
1 2 қабатты 16 пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Қарауылкелді селосы

Қобда ауданы
1 4 аз қабатты жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Қобда селосы

Мұғалжар ауданы
1 3 сегіз пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Қандыағаш қаласындағы Самал шағын ауданы

Темір ауданы
1 2 қабатты 16 пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Шұбарқұдық селосы Қызылжар шағын ауданы

Шалқар ауданы
1 4 екі пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Шалқар қаласы Сазтөбе көшесіндегі  №51,№52, №53, №54 үйлер

2 2 пәтерлік жалдау-коммуналдық тұрғын үйі

Шалқар қаласы Тәжірибе көшесіндегі  №46,№48 үйлер

Ағымдағы жылы жеке тұрғын үй құрылысына кемінде 12 мың жер учаскесін беруді қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

2.3 ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Аудандарға жұмыс барысындағы іссапарлар барысында тұрғындар тарапынан табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше рет көтерілді.

Тұтастай алғанда, бүгінгі күні 768 мыңнан астам ақтөбелік немесе тұрғындардың 88,5%-ы газбен қамтамасыз етілді, бұл — республика бойынша 5-ші орын.

Ағымдағы жылы 7 мыңнан астам адамды қамтумен тағы да 18 селолық елді мекен газ желісіне қосылатын болады.

 

2019 жылы іске қосу мерзімімен жеткізуші және поселкеішілік газ құбырлары құрылысы
Әйтеке би ауданы
1 Ақкөл селосы
2 Жамбыл селосы
3 Жарөткел селосы
Алға ауданы
1 Ақай селосы
2 Көлтабан селосы
Байғанин ауданы
1 Жаңатаң селосы
2 Бұлақтыкөл селосы
Ырғыз ауданы
1 Жаныс би селосы
Қобда ауданы
1 Бегалы селосы
2 Калиновка селосы
3 Білтабанов селосы
Мұғалжар ауданы
1 Басшилі селосы
2 Темір-мост селосы
Ойыл ауданы
1 Бестамақ селосы
Хромтау ауданы
1 Көкпекті селосы
2 Тассай селосы
2020 жылы іске қосылатын жеткізуші және поселкеішілік газ құбырлары құрылысы
Әйтеке би ауданы
1 Талдысай селосы
Ырғыз ауданы
1 Құрылыс селосы
Темір ауданы
1 Тасқопа селосы

Одан әрі газ жүргізу үшін 22 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды, ол үшін 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу талап етіледі.

Жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар 2020-2022 жылдарға республикалық бюджетті құрылымдау аясында министрліктермен жүргізілетін болады.

2020-2022 жылдары іске қосу мерзімімен жеткізуші және поселкеішілік газ құбырлары құрылысы
Алға ауданы
1 Голубиновка селосы
2 Қарақобда селосы
3 Тікқайың селосы (Ивановка)
4 Болгарка селосы
5 Сарықобда селосы
Байғанин ауданы
1 Ноғайты селосы
2 Жарлы селосы
3 Кемерши селосы
Ырғыз ауданы
1 Ақши селосы
2 Шеңбертал селосы
Қобда ауданы
1 Сарыбұлақ селосы
Қарғалы ауданы
1 Әлімбетов селосы
2 Ащылысай селосы
Мәртөк ауданы
1 Қаратаусай селосы
2 Байторысай селосы
Мұғалжар ауданы
1 Мұғалжар селосы
2 Қаракөл селосы
3 Жұрын селосы
Темір ауданы
1 Ақсай селосы
Ойыл ауданы
1 Бегалы селосы
Хромтау ауданы
1 Құдықсай селосы
Шалқар ауданы
1 Бершүгір селосы
2 Сарсай селосы

Алайда, облыстың барлық елді мекендерін газ желісіне қосу мүмкін еместігін түсіну керек.

Селоларды одан әрі газ желісіне қосу елді мекендердің әлеуетін және экономикалық мақсатқа сәйкестілігін қатаң ескеріп жүзеге асырылатын болады.

Мысалы, егер селода барлығы 200 адам тұрса, ол ауылдың болашақ перспективасы жоқ, ал газ желісіне қосуға миллиард теңге бөлу талап етіледі, мұндайда жобаның экономикалық жағынан тиімділігі күмән тудырады.

Ақтөбе қаласы және облыс үшін болашақтағы маңызды жобалардың бірі «Бұхара-Орал» газ желісі тармағы құрылысы болады.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласын жабдықтайтын қолданыстағы газ құбыры 115%-ға жүктеліп отыр, бұл өңірдің алдағы экономикалық дамуын шектейтін болады (жаңа өнеркәсіптік өндіріс үшін газдың болмауы).

Бүгінгі күні қажетті құжаттамалар әзірленуде. Содан кейін жоба Үкіметке ұсынылатын болады.

2.4 СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыс тұрғындарының 94,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып отыр.

Ағымдағы жылы 2,8 миллиард теңгеге сумен жабдықтау және су бұруға байланысты 17 жоба жүзеге асырылады, бұл бұрынғыға қосымша 4 мың ақтөбелікті сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2019 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және су бұрмасы нысандары құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Россовхоз поселкесі (Өрлеу)
2 «Москва» ауданынан Озерная көшесі аралығы

Мясоедов және Бөгенбай батыр көшелері аралығында су бұрмасы

3 Нөсер кәрізі Батыс-1, 5, 6-шағын аудандар
4 Нөсер кәрізі 11-шағын аудан
5 Нөсер кәрізі 12-шағын аудан
6 Нөсер кәрізі М.Бөкеева, И.Тайманов, С. Бәйішев көшелерінен
7 Әбілқайыр хан даңғылы және Бөкенбай батыр көшесі бойынша жасыл желектердің суармалы жүйесі
Байғанин ауданы
1 Оймауыт селосы
Қарғалы ауданы
1 Бадамша селосы
Мәртөк ауданы
1 Қызылжар поселкесі (Андреевка)
Ойыл ауданы
1 Ақжар селосы
Хромтау ауданы
1 Қопа селосы
2 Тасөткел селосы
Шалқар ауданы
1 Қотыртас селосы
2020 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және су бұрмасы нысандары құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Сумен жабдықтауды қайта жаңарту Қарғалы селосы
Мұғалжар ауданы
1 Биотазалау құрылғыларын қайта жаңарту Ембі қаласы
Шалқар ауданы
1 Кәріздік желілерді қайта жаңарту Бозой селосы

Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен келесі жылы аяқталуы жоспарланып отырған жобаға қосымша 940 миллион теңге бөлінеді.

 

2020 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және су бұрмасы нысандары құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Сумен жабдықтау Заречный-1 п.
2 Елек су тоғандары сол және оң жағалауларын кеңейту
Әйтеке би ауданы
1 Аралтоғай селосы
Мәртөк ауданы
1 Родниковка селосы

Бұдан басқа, 2019 жылы сумен жабдықтау және су бұрмасы саласында 14 жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша министрліктермен жұмыстарын жалғасын табатын болады.

2020 жылы іске қосу мерзімімен сумен жабдықтау және су бұрмасы нысандары құрылысы
Әйтеке би ауданы
1 Сұлукөл селосы
2 Сарат селосы
3 Толыбай селосы
Ырғыз ауданы
1 Жаныс би селосы
2 Шеңбертал селосы
Мәртөк ауданы
1 Ақмоласай селосы
Қобда ауданы
1 Қобда селосы
Ойыл ауданы
1 Ақшатау селосы
2 Ақкемер селосы, Саралжын а/о
3 Көсембай селосы, Қайыңды а/о
Шалқар ауданы
1 1030 км ст., Көпмола ст., Жылан ст. және Кеңдала раз.,
2 Қайдауыл ст. және Ақтан батыр ауылы (Қауылжыр ст.)
3 Шілікті с., Тоғыз ст. және  №77 (разъезд (Шағыр)
4 М.Шыманұлы ауылы
5 Мөңке би ауылы

2.5 ЭКОЛОГИЯ

Қолайлы экологиялық ахуал – тұрғындар денсаулығының кепілі. Атмосфераға ластаушы заттар қалдықтарын шығару деңгейі бойынша облыс республикада 4 орынды иемденеді.

Сондықтан да кешенді жұмыстар жүргізіп, экологиялық қауіпсіздікке бақылауды қатаң түрде жүргізу қажет.

Бұл салада 3 негізгі экологиялық проблемаларға айрықша назар аударылатын болады:

1) Ақтөбе қаласында кәріздік тазарту құрылымдарын жаңғырту

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының негізгі экологиялық проблемасы 1981 жылдан жұмыс істейтін кәріздік тазарту құрылымдары кешенімен байланысты.

2008 жылдан құрылымның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Жұмыс тиімділігі 30%-дан артық мөлшерде емес деңгейді құрайды, ал тазартудың қолданыстағы технологиясының сәйкессіздігі Елек өзенінің ғана емес, сондай-ақ Жайықтың да ластануына әкеледі.

Нысан Ақтөбе қаласында қолайсыз иістің мерзімді түрде пайда болуының себептерінің бірі болып табылады.

Бұл жобаның жоғары өзектілігін ескере отырып, оны ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамалар дайындалуда.

 

2) Шалқар көлі түбінің ластануы

Шалқар көлі — Арал теңізі экологиялық дағдарысы нәтижесінде зардап шеккен бірегей табиғи су қоймасы.

Бүгінгі күні су қоймасы ретінде көлдің толық жоғалып кетуінің нақты қаупі орын алуда. Көлдің түбінде 1,2 метрге дейінгі қалыңдықта батпақ қабаты жинақталған.

Көлде су қоры 25 миллион текше метрден 7 миллион текше метрге дейін азайды.

Қазіргі уақытта құжаттамалар дайындалуда. Шалқар көлі түбіне тазарту жүргізу үшін алдын ала есеп бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаржы талап етіледі.

3) Алға ауданында Киров атындағы бұрынғы химия зауыты қауіпті қалдықтарын жою

С.М.Киров атындағы Алға химия зауыты (АХЗ) табиғи ортаны интенсивті ластаушы болып табылады.

Өндірістік ағындар 22 жыл бойы Елек өзені алқабына тікелей жіберіліп келді. Бағалау бойынша ескі қоқыр жинағышта 151 миллион тонна борлы өндіріс қоқыры, ал жаңасында 11 миллион тонна жинақталған.

Осыған байланысты қауіпті қалдықтарды жою бойынша жалпы құны 7,8 миллиард теңге тұратын жоба дайындалды.

Жоғарыда аталған 3 проблема елеулі бюджет қаржысын —

28 миллиард теңге бөлуді қажет етеді.

Оның үстіне әрбір жоба бойынша Үкіметпен алдын ала айқындамалар бар, олар кезең-кезеңімен шешілетін болады.

2.6 КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР

Бүгінгі күні облыста 13 мыңнан астам көпбалалы және 3 мың шамасында аз қамтылған отбасылар тұрады.

Егер бұрын атаулы әлеуметтік көмекті 2700 отбасы алып келсе, ағымдағы жылы Елбасының бастамасынан кейін оны 6 мыңдай отбасы алады.

Бұл мақсатта біздің облысымыз үшін Үкімет тарапынан қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінеді.

Тұрғындарды қолдау мақсатында облыс әкімдігі тарапынан да бірқатар шешімдер қабылданды:

– аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті 2 есе ұлғайту (70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін);

– аз қамтылған отбасылары үшін балабақшаларда тамақтану үшін төлемді 70%-ға төмендету (1900 бала үшін 11 мыңнан 3 мың теңгеге дейін);

– көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйдің бастапқы жарнасын субсидиялау;

–  аз қамтылған отбасылардың балаларын мектептегі тамақтанумен 100%-ға қамтамасыз ету (17,2 мың бала);

– 3 мың аз қамтылған азаматты қайта оқытып шығару;

– 5 мың аз қамтылған азаматты жұмысқа орналастыру.

Ең маңызды мәселелердің бірі — өзінің жеке баспанасы жоқ 9 мың ақтөбелік көп балалы, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы оларға 1200-ден астам пәтер беру күтілуде.

Үш жыл ішінде 110 пәтер алып беру үшін белсенді кәсіпкерлер мен меценаттар тартылатын болады.

Жалпы алғанда, 2025 жылға аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін барынша шешу жоспарлануда.

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы базасында кеңес берушілік және басқа да қызметтер үшін коворкинг-орталық құрылатын болады.

Сондай-ақ, іскер әйелдер кеңесі көпбалалы және аз қамтылған аналарды оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша жан-жақты қолдау көрсететін болады.

2.7 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Адами капитал — бәсекеге қабілеттіліктің негізі.

Бүгінгі күні облыста 16 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 15-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

2019 жылы пайдалануға беру мерзімімен орта мектептер мен жалғастыра салу құрылыстары
Ақтөбе қаласы
1 «Красносельское-1» тұрғын үй массивінде 300 орындық
2 Украинка тұрғын үй массивінде 300 орындық
3 «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массиві №4 шағын ауданында 900 орындық
4 Құрашасай поселкесінде «Қанағат» тұрғын үй массивінде 600 орындық
Алға ауданы
1 Жерұйық селосында 60 орындық
Байғанин ауданы
1 Бұлақтыкөл селосында 100 орындық
2 Қарауылкелді селосында 100 орындық, интернатымен 300 орындық
Ырғыз ауданы
1 Ырғыз селосында 100 орындық, интернатымен 300 орындық
2 Жаныс би селосында 100 орындық
3 Шеңбертал селосында 100 орындық
Мұғалжар ауданы
1 Құмжарған селосында 60 орындық
Ойыл ауданы
1 Бестамақ селосында 50 орындық
Хромтау ауданы
1 Хромтау қаласы 22 кварталында 100 орындық, интернатымен 600 орындық
Шалқар ауданы
1 М.Шыманұлы селосында 60 орындық
2 Тоғыз селосында 120 орындық
2020 жылы іске қосу мерзімімен орта мектеп құрылысы
Темір ауданы
1 Шұбарқұдық селосында 60 орындық, интернатымен 320 орындық

 

Алайда, халық саны өсуі және бала туу деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірде үш ауысымдық және апатты мектептер проблемасы әлі де күн тәртібінде тұр.

Мәселен, бүгінгі күні 5 үш ауысымдық және 2 апатты мектеп бар, олар үшін республикалық бюджет есебінен 9,3 миллиард теңгеге қаржыландыру талап етіледі.

Осыған байланысты министрліктермен оларды қаржыландыру мәселелерін қарастыру жалғастырылатын болады.

 

Республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда құрылысын бастау жоспарланатын орта мектептер құрылысы
Ақтөбе қаласы
1 Шилісай ауылында «Шилісай-1» тұрғын үй массивінде 600 орындық
2 «Рауан» тұрғын үй массивінде 300 орындық
3 «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массиві №1 шағын ауданында 900 орындық
Қарғалы ауданы
1 Бадамша селосында 70 орындық, интернатымен 300 орындық
Мұғалжар ауданы
1 Қандыағаш қаласында «Самал» шағын ауданында 600 орындық
Темір ауданы
1 Шұбарши селосында 60 орындық, интернатымен 320 орындық
Шалқар ауданы
1 Шалқар қаласында №65 Вокзал маңы көшесінде 320 орындық

Бұдан басқа, Ақтөбе қаласында жер қардарлығын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған мектептер жанынан 6 қосымша құрылыс жүргіземіз, бұл олардың жүктемесін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

 

2019 жылы іске қосу мерзімімен орта мектептерге қосымша құрылыс салу
Ақтөбе қаласы
1 №9 орта мектепке
2 №17 орта мектеп-гимназияға
3 №21 орта мектепке
4 №27 орта мектепке
5 №37 орта мектепке
6 №56 орта мектепке

Ағымдағы жылы мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады, оның ішінде 20-сы жаңа пәндік кабинеттермен қамтамасыз етіледі.

Облыстағы мектептердің 66%-ы және балабақшалардың 70%-ы балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін бейнеқадағалау жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мақсатқа   миллион теңге бөлінді.

Сондай-ақ балабақшаларда орынмен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 34 жаңа балабақшаны іске қосу есебінен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша орын жетпестігін жоюды жоспарлаудамыз.

2.8 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

Бүгінгі күні дене тәрбиесі және спорт саласы белсенді түрде дамытылуда, халықаралық деңгейдегі көптеген нысандар салынды.

Бұл облыс тұрғындарының 31%-ын  дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданумен қамтуға мүмкіндік берді, ағымдағы жылы қосымша 5 мың адамды қамту жоспарлануда (қамту 32%-ға дейін көтеріледі).

Елбасының тапсырмаларын орындау үшін ағымдағы жылы 4 аудандық дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталатын болады (Мәртөк, Ырғыз, Қарғалы және Әйтеке би аудандарында).

Темір ауданындағы Шұбарқұдық селосында және Байғанин ауданындағы Қарауылкелді селосында, Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына қосымша қаржы бөлу жоспарлануда.

Жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындағаннан кейін Ойыл және Мұғалжар аудандарында дене тәрбиесі-сауықтыру кешендері құрылысы жоспарланады.

Осылайша облыстың әрбір ауданы 2021 жылға дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында бюджеттен тыс қаржы есебінен халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетикалық манеждің құрылысын жалғастырамыз және таяу уақытта Бокс орталығы құрылысын бастаймыз.

2.9 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтауды дамытуға барынша назар аударылатын болады.

Негізгі міндет – медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Аудандық ауруханаларды жарақтандыруға 800 миллион теңгеден астам қаржы бөлу болжамдалуда.

Ақтөбе облысын Батыс Қазақстан медицинасы орталығы ретінде орнықтырумен медициналық кластерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.

Консультативтік-диагностикалық орталық салынуда, балалар онкогематология бөлімшесінің құрылысы аяқталуға жақын.

Шаралар кешені денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға: бала туу өсімін – 2%-ға арттырып, ана өлімін – 3,8%-ға азайтуға мүмкіндік береді

IІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН КӨТЕРУ, ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ДАМЫТУ

4.1 Мемлекеттік қызметтер

Тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға сенім деңгейін көтеру азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынумен сабақтас.

Өткен жылы 33% өсімімен 6,1 миллион теңгеге қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет түрлерінің 80%-ы электронды форматқа көшірілетін болады, ол 2020 жылы – 90%-ға жеткізіледі.

Цифрлық технологияны қолданумен бір терезе принципі бойынша Ақтөбе қаласында «Халықтық кеңсе» («Народная канцелярия») ашылды, мұнда 600-ден астам қызмет көрсетіледі.

Осындай жобалар Шалқар және Алға аудандарында да жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында да «Халықтық кеңсені» ашу жоспарлануда.

4.2 Цифрландыру

Бүгінгі уақыт – ақпараттық технологиялар ғасыры.

Сондықтан да барлық саланы цифрландыру бойынша жұмыстар «Зерде» ақпараттық технологиясы ұлттық операторымен тығыз байланыста ерекше бақылауда болады.

Соңғы цифрлық технологияны енгізу бойынша ұсыныстар жиынтығын айқындау үшін облысты цифрландырудың ағымдағы ахуалына диагностика жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жоспарланып отыр:

– балабақшаларда, қосымша білім беру субъектілерінде, мектептерде, колледждерде, ауруханаларда өтініш қабылдаудан жолдама беруге дейінгі барлық іс-қимылдардың есебі мен автоматтандыруды 100% қамтамасыз ету;

– «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет құру жоспарлануда;

– құқықбұзушылықты фотоға, видеоға түсіру және талдау жүйесін іске қосу;

– қоғамдық көлікте электронды билеттендіру;

– коммуналдық қызметтер приборлары есебі, ақылды жарықтандыру (Ақтөбе қаласында ЛЭД-лампаға көшу), «Е-КСК» және «Е-Шаңырақ» жүйелерін дамыту;

– білім берудің жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдарында бейнеқадағалау камералары орнатылатын болады (88 мектепке дейінгі ұйымда және 35 жалпы білім беретін мектепте);

– 12 ауданда және Ақтөбе қаласында 23 IT кластар ашылатын болады.

4.3 Сапалы интернетпен қамтамасыз ету

Цифрлық әлем және жаһандану жағдайында интернеттің болмауы — үдемелі әлеуметтік және экономикалық даму үшін үлкен кедергі.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні облыс бойынша сапалы интернетпен қамту бойынша проблема орын алып тұр.

Мәселен, селолық елді мекендердің 11,5%-ы ғана (339-дан 39-ы) байланыстың талшықты-оптикалық желілеріне қосылған.

Жобалардың республикалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2018-2020 жылдары облыстың 27 селолық елді мекенінде байланыстың талшықты-оптикалық желілері құрылымдалатын болады, бұл селолық елді мекендердің 19,5%-на дейін байланыстың талшықты-оптикалық желілерімен қамтуға мүмкіндік береді.

LTE жобасы аясында 2019-2021 жылдары 74 селолық елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Соның нәтижесінде селолық елді мекендерде жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етушілік 41% құрайды.

2021 жылға дейін байланыстың талшықты-оптикалық желілерімен 236 селолық елді мекенді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, бұл облыс тұрғындарының 93%-ын қамтиды.

Бұл ретте қалған 103 селолық елді мекенді жылдамдығы 4 Мбит/с-тан кем емес сапалы байланыспен қамтамасыз ету жоспарлануда..

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин барлық аудандарды аралап шықты. Жұртшылықпен емен-жарқын әңгімелесіп, барлық, мәселелері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Көтерілген мәселелердің бірі де қалмай зерттеліп, олардың шешілу жолдары қарастырылды. Төменде осының бәрі жүйеленген хаттамалық шешім ұынылып отыр

Аудан тұрғындарының ұсыныстары Шешім жолдары, ұсыныстар
ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ (2019 жылғы 21 наурыздағы №11-ЖС хаттамасы)
1                  Комсомол ауылында жаңа орта мектеп салу Әйтеке би ауданы әкімдігімен арнайы лицензиялық ұйымдармен бірге М.Жұмабаев атындағы және Комсомол орта мектептері ғимараттарының негізгі және тірек құрылымдарының жағдайына техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған мектеп ғимараттарын техникалық тексеру туралы қорытынды алғаннан кейін, жаңа мектептердің құрылысын салу мәселесі қарастырылатын болады.
2 Орталық аудандық аурухананың қызметкерлері үшін орталық аурухананың аумағындағы 2 қабатты ғимаратты жөндеу Бүгінгі таңда, жобаның жобалау-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаны іске асыруды ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен қолдау және іске асыру ұсынылады.
3 Комсомол ауылындағы Жүргенов көшесін ағамдағы жөндеу Бүгінгі таңда, жобаның жобалау-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаны 2019-2020 жж. облыстық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асыру жоспарлануда.
4 Комсомол ауылында салынып жатқан әкімшілік ғимараттың құрылысын аяқтау Жоба ауыспалы және ағымдағы жылы аяқтау ұсынылады.
5 Комсомол ауылындағы Орталық саябақты салу және абаттандыру Бүгінгі таңда, жобаның жобалау-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаны республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2020 жылы жүзеге асыру ұсынылады.
АЛҒА АУДАНЫ (2019 жылғы 10 наурыздағы №7-ЖС хаттамасы)
1 Маржанбұлақ, Үшқұдық, Бестамақ, Тамды ауылында автокөлік жолдарын салу Елді мекендерде жолдарды жөндеуге арналған 4 жобалық-сметалық құжаттама бар. Республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2020 жылы жобаны іске асыру ұсынылады.
2 Маржанбұлақ ауылының батыс бөлігіндегі мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу Бүгінгі күні, Маржанбұлақ ауылында 300 орындық мектеп құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары аяқталуда. ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылады.
3 Алға қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру Алға қаласындағы көпқабатты 29 тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама бар. Республикалық бюджеттен қаражат бөлу кезінде 2020 жылы жобаны іске асыру ұсынылады.
4 Қарақобда, Күлтабан, Сарықобда, Болгарка ауылдарын газдандыру Бүгінгі таңда, 4 елді мекенге газ тарту бойынша жобаның жобалау-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаны республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2020 жылы жүзеге асыру ұсынылады.
5 Амангелді ауылын газдандыру жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу Алға ауданында халықтың 90%-ы газбен қамтамасыз етілген. Аталған ауылда 235 адам тұрады. Алайда, Ақтөбе облысында мемлекеттік сараптамасы және ЖСҚ дайын, мың адамнан астам тұрғын тұратын бірнеше газдандырылмаған елді мекендер бар. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру айтарлықтай бюджеттік қаражатты бөлуді талап етеді. Осыған байланысты, Алға ауданының Амангелді ауылына газ тарту мәселесі республикалық және облыстық бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, 2020 жылы қарастырылатын болады.
БАЙҒАНИН АУДАНЫ (2019 жылғы 28 наурыздағы №14-РП хаттамасы)
1 Қарауылкелды ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға мердігер ұйымын анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталуда. Жобаны қаржыландыруды аудандық және облыстық бюджеттер есебінен қамтамасыз етіледі. Құрылысты пайдалануға беру 2020 жылы күтілуде.
2 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань) республикалық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңарту көзделіп отыр, оның 319 км Ақтөбе облысында орналасқан, 6 учаскеге бөлінген, жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны 2016-2020 жж. жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған жоба Ақтөбе, Алға, Мұғалжар, Темір, Байғанин аудандары арқылы өтеді.
3 Жарқамыс ауылдық округінің Қаражар ауылын газдандыру Бүгінгі таңда, ауылда 668 адам тұрады. Алайда, Ақтөбе облысында мемлекеттік сараптамасы және ЖСҚ дайын, мың адамнан аса тұрғын тұратын бірнеше газдандырылмаған елді мекендер бар. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру айтарлықтай бюджеттік қаражатты бөлуді талап етеді. Осыған байланысты, Байғанин ауданының Қаражар ауылына газ құбырын тарту мәселесі республикалық және облыстық бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, 2020 жылы қарастырылатын болады.
4 Кемерши және Жарлы ауылдарында ауылішілік газ құбырларының желілерін тарту Кемерши және Жарлы елді мекендерін ауылішілік газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу жобасының мемлекеттік сараптамасы және жобалық-сметалар құжаттамалары дайын. Жобаларды іске асыру қолдау тапты және оларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттің 2019-2020 жж. нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.
5 Қарауылкелді ауылында тұрғын үй құрылысын салу Жоба ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
6 Қарауылкелді ауылында 300 орындық 100 жатын орны бар мектеп-интернатының құрылысын салу «Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылындағы 300 орындық 100 жатын орны бар мектеп-интернатының құрылысын салу» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жобаны аяқтауға қажетті қаражат бюджет есебінен қарастырылған, іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
7 Қарауылкелді ауылының ауылішілік және аудандық жолдарын күрделі жөндеу Ағымдағы жылы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында Мәметова көшесінде жол салу бойынша мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қарауылкелді ауылының ауылішілік және аудандық жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жобалық-сметалық құжаттарының дайындығын және бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілетін болады.
ЫРҒЫЗ АУДАНЫ (2019 жылғы 28 наурыздағы №14-ЖС хаттамасы)
1 Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Ырғыз ауылындағы балабақшаға қаражат бөлу Білім беру басқармасының ұстанымы: ауыл көлемінде төмен контингентпен жұмыс істейтін 5 балабақша бар. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1 оқушыға арналған ай сайынғы тұтыну шығыны 31,2 – 43,5 мың теңгені құрайды. Бюджет қаражатын оңтайландыру үшін мектепке дейінгі ұйымдарды орта мектепке біріктіру арқылы балабақша-мектебіне қайта ұйымдастыру қажет.
2 Аудан орталығындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін мердігер ұйымын анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталғаннан кейін және мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін жоба қаржыландыру мақсатында республикалық бюджетке ұсынылатын болады.
3 Шеңбертал, Құрылыс, Ақши ауылдарын газдандыру Аталған үш елді мекенді газдандыру жобасы бойынша мемлекеттік сараптамасы және жобалық-сметалар құжаттамалары дайын. Жобалар 2019-2020 жж. қаржыландыру үшін республикалық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылды. Сонымен қатар, Құрылыс ауылында ауылішілік газ құбырының құрылысын бастау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
4 Ырғыз ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысы Ырғыз ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын салу жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жобаны аяқтауға қажетті қаражат бюджет есебінен қарастырылған, іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫ (2019 жылғы 13 наурыздағы №8-ЖС хаттамасы)
1 Ащылысай және Әлімбет ауылдарына газ тарту Аталған 2 елді мекенге газ тарту бойынша жобаның жобалық-сметалық құжаттары және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Жобаны қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттің 2020-2021 жж. нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды.
2 Қалдаяков ауылындағы «Актеп» ЖШС – нің 5 мың тонна көкөніс сақтауға арналған қоймасына автокөлік жолын салу 2018 жылы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ және «КазахАвтоДор» ЖШС-нің қаражаты есебінен көкөніс қоймаларына 600 метрлік магистральды себелеу және тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жол салу үшін (асфальтбетонды жабынды) жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қажет, ЖСҚ әзірленгеннен кейін жобаны қаржыландыру мәселесі қарастырылатын болады.
3 Бадамша ауылында 300 орындық 70 жатын орны бар мектеп-интернатының құрылысын салу Республикалық бюджеттің нақтылауы кезінде қаражат бөлінген жағдайда, мектеп құрылысын ағымдағы жылы бастау көзделіп отыр.
ҚОБДА АУДАНЫ (2019 жылғы 17 наурыздағы №10-ЖС хаттамасы)
1 4 аз қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы Жоба ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Қаражат қарастырылған.
2 Егіндібұлақ ауылында оқыту-сауықтыру лагерін салу Оқыту-сауықтыру лагерінің құрылысын 2020 жылы аяқтау күтілуде.
3 Самара-Шымкент тас жолындағы «Қобда ауылында республикалық маңызы бар айналма жол құрылысын салу» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне Самара-Шымкент жолындағы Кобда ауылында айналма жолды салудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге қаржы бөлу туралы хат жіберілді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін, жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады. Бүгінгі күні, аталған жоба салалық министрлікпен қарастырылуда.
МӘРТӨК АУДАНЫ (2019 жылғы 9 наурыздағы №6-ЖС хаттамасы)
1 Мәртөк ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын салу Мәртөк ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын салу жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Жобаны аяқтауға қажетті қаражат бюджет есебінен қарастырылған, іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ (2019 жылғы 24 наурыздағы №13-ЖС хаттамасы)
1 Елек және Жарық ауылдарында ауылішілік және жеткізуші газ құбырларын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу Ақтөбе облысында мемлекеттік сараптамасы және ЖСҚ дайын, мың адамнан аса тұрғыны бар бірнеше газдандырылмаған елді мекендер бар. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру айтарлықтай бюджеттік қаражатты бөлуді талап етеді. Осыған байланысты, Мұғалжар ауданының Елек және Жарық ауылдарына газ құбырын тарту мәселесі республикалық және облыстық бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, 2020 жылы қарастырылатын болады.
2 Қандыағаш қаласы Самал ықшам ауданында 600 орындық мектеп құрылысы және Ембі қаласында 320 орындық мектеп құрылысын салу Қандыағаш және Ембі қалаларында жалпы білім беру мектептерін салу жобасының мемлекеттік сараптамасы және жобалық-сметалық құжаттамалары бар. Жобаларды қаржыландыру үшін 2020-2022 жж. арналған республикалық бюджеттің бекітілуіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
ТЕМІР АУДАНЫ (2019 жылғы 31 наурыздағы хаттамасы)
1 Шұбарқұдық, Кеңқияқ және Тасқопа ауылдарына ауыз су тарту Қазіргі күні, осы үш ауылдың жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайын. Дегенмен, екі жоба бойынша мемлекеттік сараптамалық қорытындылар әлі алынбаған. Аталған жобалардың барлық құжаттары дайын болғаннан кейін, жобаларды қаржыландыру үшін 2020-2022 жж. арналған республикалық бюджеттің бекітілуіне бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.
2 Қалмаққырған станциясына сумен жабдықтау желілерін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылатын болады.
3 Құмқұдық, Алтықарасу, Қопа ауылдарында облыстық маңызы бар кірме жолдарды орташа жөндеу Бүгінгі күні, кірме жолдарды орташа жөндеу жобасы бойынша мемлекеттік сараптамасы және ЖСҚ дайын. Жоба 2020-2022 жылдары республикалық бюджет есебінен облыстық бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
4 Шұбарқұдық ауылында ауылішілік көшелерін күрделі жөндеу және Қызылжар, Астана көшелерінің жол құрылысы Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Темір ауданының Шұбарқұдық ауылындағы Октябрь, Гагарин, 8 Наурыз, Байғанин көшелерінің ауылішілік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
5 Шұбарши және Саркөл ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешені мен спорт кешенінің құрылысын салу Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылысын салу басталады.
6 Шұбарши ауылында мектеп құрылысы Жоба республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда салалық министрліктермен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
7 Кеңқияқ ауылы мектебінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу Кеңқияқ мектебін салу мәселесі мектеп-интернаттары бар Шұбарши және Шұбарқұдық ауылдарында мектептерді пайдалануға бергеннен кейін қарастырылады.
8 Тасқопа ауылына газ құбырын тарту 2018 жылы жобаны бастау үшін жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінді. Жобаны жалғастыруды қаржыландыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің бекітілуіне бюджеттік өтінім ұсынылды.
9 Алтықарасу ауылын газдандыру және жылжымалы газ жабдығын орнату Бүгінгі күні, Темір ауданындағы Алтықарасу ауылына газ құбырын тарту және газ жабдығын орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, жобаны қаржыландыру мәселесі ЖСҚ дайын болғаннан кейін қаралатын болады.
10 Еңбекші ауылында медициналық орталықтың құрылысын салу Ағымдағы жылы Еңбекші ауылында медициналық орталық салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Барлық қажетті құжаттар дайындалғаннан кейін қаржыландыру көзі анықталатын болады.
ОЙЫЛ АУДАНЫ (2019 жылғы 17 наурыздағы №9-ЖС хаттамасы)
1 Сарбие-Қараой ауылынан Атырау облысының шекарасына дейінгі автокөлік жолының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу Бұл жобаны жүзеге асыру үшін техникалық-экономикалық негіздемеге әзірлеу қажет. Техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алынған жағдайда қаржыландыру көзі анықталады.
2 Ойыл ауылындағы ауданішілік автокөлік жолдарын күрделі жөндеу 2019 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылау кезінде Ойыл ауылының Желтоқсан, Сәтбаев көшелерінің орташа жөндеуіне 10,0 млн.теңге қаражат бөлінді (жобаның құны – 10,0 млн.тг). Қалған автокөлік жолдары бойынша жобалардың құжаттары дайын болғаннан кейін, қаржыландыру мәселелері қарастырылатын болады.
3 Қайыңды ауылдық округіндегі Ақжар ауылының кіре беріс тас жолын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу Қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін қаражат бөлу қарастырылатын болады.
4 Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан Сарбие, Қараой, Көптоғай ауылдарына газ құбырын тарту Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан Ақтөбе облысының Сарбие, Қарой, Көптоғай ауылдарына дейінгі газ құбыры Ақтөбе облысының өңірлік газдандыру схемасы бойынша қарастырылмаған. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі комитетімен келісу жүргізу қажет. Ақтөбе облысының тарифтеріне сәйкес, ҚҚС есептемегенде 1 м3 тауарлық газдың құны 8,8 теңге, ал Батыс Қазақстан облысында – 15,4 теңге. Сондай-ақ, егер жоба іске асырылса, газ құбырының баланс ұстаушысын анықтау туралы сұрақ туындайды, себебі газ құбыры Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары арқылы өтетін болады. Бұл ауылдар «ҚТГ» Батыс Қазақстан облысының тұтынушылары болады және сәйкесінше тұрғындар үшін тариф 15,4 теңгені құрайды.
5 Қобда ауданынан Ойыл ауданы Бестамақ ауылына дейін Ақкемер, Кемер және Құмжарған ауылы арқылы газ құбырын салу үшін жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу. Ойыл ауданының 10 ауылына газ тарту бойынша алдын ала есептер жүргізілді: Сарбие (1389 адам), Қараой (1372), Кемер (1221), Екпетал (487), Қаратал (1502), Амангелді (777), Көптоғай (1364), Қаракемер (451), Ақшатау (531), Ақкемер (543).
Есептеулер бойынша Ойыл ауданының елді мекендерін газдандыру үшін қуаттылығы сағатына 10 000 м3/сағат қосымша автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГРС-10) салуды талап етеді, жобаның алдын ала құны 300 млн.тг құрайды. Қазіргі күні, газды тұтыну көлемі осы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, өйткені кепілденген газдың көлемі аудан орталығын дамытуға арналған. Ойыл ауданының одан әрі дамуы үшін ауданның газ желісінің схемасын оңтайландыру қажет. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 225 км болатын газбен жабдықтау желілерінің құрылысын салу керек.
Ойыл ауданының жоғарыда аталған ауылдарын газдандыру үшін жалпы алғанда шамамен 9 млрд.теңгеден астам қаржы қажет. Осыған байланысты бұл мәселені бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, кезеңдерге бөліп қарастыру арқылы шешу ұсынылады.
ХРОМТАУ АУДАНЫ (2019 жылғы 21 наурыздағы №12-ЖС хаттамасы)
1 320 орындық балабақшаның құрылысы және Хромтаудағы Мәдениет және демалыс орталығының құрылысы Балабақшаның құрылысына қатысты. Аудан әкімдігі салалық қорытындыны алу мақсатында қайта талдау жұмыстарын жүргізуде. Талдау қорытындысы дайын болғаннан кейін, білім басқармасымен жобаны жүзеге асыру үшін құжаттар бюджеттік комиссия қарауына және облыстық мәслихатқа ұсынылатын болады. Жеке әріптес «Казхром» ТҰК» АҚ.                                                              Мәдениет орталығының құрылысына қатысты. Жоба мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылу жоспарлануда. Бүгінгі таңда қажетті құжаттар жинақталуда. Жобаны аудандық бюджет есебінен жүзеге асыру ұсынылады.
2 Хромтау қаласының 22 кварталында 4 қабатты 48 пәтерлі  тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілерін салу және аулаларды абаттандыру Қазіргі таңда, сыртқы инженерлік желілерді салу және тұрғын үй аулаларын абаттандыру жобасы бойынша мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.
ШАЛҚАР АУДАНЫ (2019 жылғы 28 наурыздағы №15-ЖС хаттамасы)
1 Шалқар қаласы Шілікті көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңарту Қазіргі күні, Шалқар ауданының әкімдігімен облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды. Баға ұсыныстарына сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеудің болжамды құны 38,2 млн.теңгені құрайды. Қаржыландыру мәселесі алдағы уақытта қарастырылатын болады.
2 Шалқар көлінің түбін тазарту Қазіргі таңда, аталған жобаға экономикалық сараптама алу мақсатында әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме мамандандырылған ұйымға жіберілді. Оң экономикалық сараптама қорытынды алынған жағдайда, алдағы бюджеттің нақтылауында жергілікті бюджет есебінен ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу мәселесі қарастырылатын болады. Алдағы уақытта жоба республикалық бюджетке ұсынылатын болады.
3 Шалқар көшелерін жөндеу Бүгінгі таңда Шалқар қаласының жолдарын жөндеуге арналған 7 дайын жобалық-сметалық құжаттамалар бар. Жобаларды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, 2019-2021 жж. кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button