Жаңалықтар

Облыс әкімі «AQTÓBE» телеарнасының ұжымымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин AQTÓBE  телеарнасының ұжымымен кездесіп,  техникалық әлеуетімен танысты. Телебағдарламалар дайындалатын студияларды аралап көрді.

Мұндағы Медиа музейде 60 жылға жуық тарихы бар арнаның жәдігерлері қойылған. Ардагерлердің жеке мұрағаттарындағы суреттері мен құжаттары, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі құнды дүниелер де осыннан орын тапқан. Телеарна тәуліктің 14 сағатында облыс қана емес, шетелдік ауқымда да НД форматында хабар таратып келеді. Жылжымалы спутниктік станса арқылы тікелей эфирде жұмыс істеу мүмкіндігі игерілді. Синеджи бағдарламасымен құрастырылатын телеөнімнің өзіндік көрсеткіші —  72 пайыз.

«Қайырлы таң, Ақтөбе», «Сәті түскен сұхбат», «Біздің тарих», «Бақытты бала», «Анаға тағзым» сияқты хабарлардың студиялары жаңарды.

«Бір түп алма ағашы» көркемфильмінің көрерменге жол тартуы — «Ақтөбе» телеарнасының соңғы кездегі бір жаңалығы. Облыстық филиалдар арасында алғаш жасалған мұндай қадам әрі қарай да жалғасын табуда. Бүгінде «Welcome to Aqtobe» ситуациялық комедиясының түсірілім жұмысы қызу жүруде.

Кезінде ақпарат саласында өз қолтаңбасын қалдырған Оңдасын Оразалин AQTÓBE  арнасынан қазір уақыт талабына сай жаңғыру күтетінін айтты.

Журналистердің сауалдарына жауап қайтарған облыс басшысы ұсыныс-пікірлердің ескерілетіндігін айтып, облыстық әкімдік пен телеарна арасындағы байланыс нығая түсетіндігіне сенім білдірді. «Телеарнаның қалыптасқан мектебі — ұрпақтар сабақтастығының белгісі» деп атап көрсетті.

Н.ДОСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button