Пікір

Лайықты үміткерді таңдайық!

Дер кезінде қабылданған шешім

Гүлмирам Сражова,

 «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы»

 қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет екенін айтты. Сол үшін ел Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы тағдырлы шешім қабылдағанын жариялады.

«Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Қазақстан Республикасының Президент сайлауын өткізу жөніндегі шешімді толықтай қолдайды.

Президенттікке «Еліміздің саяси-экономикалық-әлеуметтік әл-ахуалын жақсартуға күш-жігерімді аямай жұмсаймын, оған өз бойымдағы білімім, талабым, іскерлігім мен саяси дипломатияға қабілеттілігім жеткілікті» деп есептеген азамат өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Бұл — шынайы демократияның көрінісі. Ал демократиялық елде президент халықтың таңдауымен сайланады.  Еліміздің басқару тетігіне келу үшін қарапайым халықтың көңілінен шығатын адам ғана емес, халықаралық деңгейде өз ықпалын жүргізе алатын, нақты бетбұрысты шешімдер қабылдауға дайын парасатты азамат болуы керек.

Елдікті жоғалтпау тек ел басқарған адамдарға ғана емес, қарапайым еңбекші халықтың да шешіміне, сеніміне байланысты. Сондықтан, сайлауға барлық саналы, намысты, патриот адамдар қатысып, дауыс беруі өте маңызды.

Президенттік  сайлау науқанында Үміткерлердің барлығының бағдарламасымен танысып, лайықтысын таңдау әрбір адамның азаматтық борышы!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button