Пікір

Шарапаты мол болады деген үміттемін

Марат ҚОЙЛЫБАЕВ,

ауған соғысының ардагері.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін жария етті. Мен де тарихи оқиғадан көптеген жақсылықтарды күтемін.

Президенттің кешегі Үндеуін өте дұрыс шешім деп санаймын. Өйткені елдің тұрақтылығы, дамуы үшін ең әуелі басшы керек. Ал оны халық сайлау арқылы таңдаса, нұр үстіне нұр.

Шүкір, бүгінде Қазақстан — халықаралық аренада өз орны қалыптасқан, көпшілікке белгілі, бейбітшілікті ту еткен ел. Көпұлтты мемлекет болып тату-тәтті тіршілік кешіп жатырмыз. Біздегі осынау бейбіт заманды әрі қарай өз деңгейінде жалғастырып, халықтың тұрмысын көтеретін Президент керек. Сондықтан барша жұртшылықты сайлаудан тыс қалмай, өзі қалаған үміткерлерге дауыс беруге шақырамын. Өйткені бұл алдымен халыққа керек.

Сөзімді қорытындылай келгенде, еліміздегі осынау саяси оқиғадан күтер жақсылығым көп. Өте маңызды саяси, әлеуметтік, тарихи оқиға ойдағыдай өтіп, бұның халыққа әкелер шарапаты мол болады деген үміттемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button