ПікірРухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу — жаңа кезең

Гүлайым ТӨЛЕБАЕВА,

облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы.

Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласын жариялап, мемлекет дамуының нақты басымдықтарын айқындағанына да екі жыл толды.

Бұл — бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық  бірегейлікті сақтап қалу, мемлекет тағдырына белсене араласатын болашақ ұрпақ тәрбиесі секілді маңызды рухани негіздерден тұрған ұлттық құжатқа айналды.

Осы бағдарламаның басым бағыттарының бірі — латын әліпбиіне көшу. Бұл — қоғамдық сананы өзгертуге жетелейтін рухани жаңғыру мақсатында алынған  нақты және қарқынды қадам. Сонымен бірге өскелең ұрпаққа таза ана тілін мәңгілік ұлт тілі ретінде қалдыру. Бұл қадамға еліміз мейлінше байыппен келді. Әліпби нұсқасын таңдауда кез келген  азамат өзінің пікірін қосу мүмкіндігіне ие болды. Ол дұрыс. Себебі халық тағдырына қатысты кез келген жанды мәселе оның пікірімен санасқан кезде ғана тиімді жүзеге асады. Әліпбидің бекітілуі бұл істе жаңа кезеңді белгілеп отыр.

Қазіргі күні аталған бағдарлама аясында маңызды жобалар мен іс-шаралар өзінің жалғасын табуда. Жыл басынан бері 736 адам қамтылған 38 ақпараттық-түсіндіру шарасы, 12 мекемеде 516 адам қатысқан аудиодиктант, барлығы 50 шара өтті. Сондай-ақ «Жаңа әліпбиді бірге үйренейік» ересектерге арналған телесабақтар, «Жаңа әліпби — жарқын болашақ» әлеуметтік ролигі, «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналының «Рухани жаңғыру» айдарында жаңа емле ережелерін түсіндіру циклі, «Білімді балақай» қазақ тілінің жаңа графикасында балаларға арналған өлеңдер жинағын шығару, т.б. шаралар жоспарланып отыр.
Алдағы уақытта да іс-шаралар бекітілген ұлттық жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button