Жаңалықтар

Сыртқы келбет сын көтермейді

Рейд

Сенбі күні Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев бастаған топ қала базарларында орналасқан жеңіл үлгідегі сауда орындарын аралады.

Қалалық мәслихат депутаттары мен қалалық кәсіпкерлік, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері, өзге де құрылымның өкілдері бар штаб кезекті рейдтік тексерісті 11-шағын ауданда орналасқан шағын базардан бастады.

Тұтынушыларға көкөністер мен жеміс-жидектерді, т.б сүт өнімдерін сатып отырған сауда нүктелері архитектуралық талаптарға сәйкес болмай шықты әрі дүңгіршектердің сыртқы келбеттері қаланың көркіне нұқсан келтіріп тұр. Қала әкімінің орынбасары сауда нүктелерінің орналасқан жерін кеңейтуді тапсырды.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Ақтөбе қаласының 150 жылдығы тойланады. Шаһарды көркейтуге барлығымыз атсалысуымыз қажет. Жеңіл үлгідегі сауда нысандары мен дүңгіршектердің сыртқы келбеттері сын көтермейді. Орналасқан жері тұрғындарға жүруге тарлық етеді. Сондай-ақ қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстырып, халыққа қолайлы жағдай туғызу керек.

Барлығына қойылатын талап — сауда орындарын қаланың бүгінгі заманауи талаптарына сәйкестендіру. Рейд жұмыстары әлі де жалғасатын болады, — дейді Ұшқын Мыңбаев.

Бұл күні 8-шағын ауданда орналасқан шағын базарға да штаб мүшелері тарапынан бірқатар сын-ескертпелер айтылды.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button