Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібінен түспейді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық комиссиясы және Ақтөбе облысы кадр комиссиясының 2018 жылғы және 2019 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы отырыс өтті.

Жиында облыстық білім басқармасының  басшысы  Ләззат  Оразбаева және қосымша баяндамашы ретінде облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева облыс әкіміне білім саласындағы сыбайластықтықтың алдын алу және оған қарсы атқарылған  жұмыстар  бойынша  есеп берді.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Оксана Сопрун сәулет-құрылыс саласында лицензиялау және рұқсат беру кезінде ҚР заңнамаларының сақталуы туралы баяндама жасады.

Жиын барысында облыс басшысына мамандар бірқатар  ұсыныстарын  білдірді.  Олар  мектептер  мен  балабақшаларға  мамандарды  жұмысқа қабылдау, студенттерді жатақханаға орналастыру тәрізді сыбайластықты тудыру қаупі  бар  мәселелерді  автоматтандыру бағытында болды.

Облыс  басшысы білім саласында  көпшіліктің  теріс пікірлері  барын айтты. Алайда сол  теріс пікірдің  болмауына басқарма  басшысының  өзі  нақты  жұмыс жасауы  керектігін  тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Расул Медетов осы уақытқа дейін кейбір аудандардың  электрондық  бағытта  жұмыс  жасауы  баяу екенін  мәлімдеді. 351 мемлекеттік  органның  247-сі  ғана электрондық  жүйеге  көшкен. Алға, Байғанин, Шалқар, Ембі, Хромтау аудандарында бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілмеген.

«Аудан әкімдерінен бастап басқарма басшылары бұл мәселені мұқият қарап, шешу жолдарын қарастырып, орын алған фактілермен жұмыс жасауы тиіс. Керек болса тиісті шара алуы қажет», — деді облыс әкімі жиынға қатысушыларға.

Аталған кемшіліктер бойынша облыс  басшысы тез арада жұмыс жасау қажеттігін  тапсырып, қосымша ұсыныстар  болса оны  тыңдауға әзір екенін  жеткізді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button