Жаңалықтар

Жас спортшылар марапатталды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 23 жасқа дейінгі Азия чемпионы Юсуп Батырмырзаев пен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Қуаныш  Досжановты қабылдады.

Қабылдауға облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген спортшылардың бапкері және өзге де спорт саласының бірқатар танымал азаматтары қатысты. Кездесу барысында аймақ басшысы жас спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алғыс білдірді.

— «Еркін күрес пен  грек-рим күресінен Ақтөбе қаласы алдыңғы қатарлардан көрінуде. Мұндай жеңістер еңбекпен, қажырлы  күшпен келеді, намысты қолдан бермей, туған жердің атын  шығарғандарың үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да үнемі назарымда боласыңдар», — деді облыс  әкімі.

Оңдасын Оразалин қос спортшыға алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті.

Бұл ақтөбелік спортшылар Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен  жарыста Азия чемпионатында ел намысын қорғаған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button