Жаңалықтар

Құтқарушылар такси жүргізушісіне медаль тақты

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бір отбасын өрттен құтқарып қалған такси жүргізушісін марапаттады. 32 жастағы Азат Балғазинге департамент бастығының орынбасары Қайрат Қасым алғыс білдіріп, «Өрт сөндіру күзетіне 100 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

3 сәуір күні Краснощеков көшесіндегі жеке тұрғын үй өртеніп кетіп, бір отбасы баспанасыз қалды. Үйден шыққан өрт өршіп, үйдің алдында тұрған автокөлікке тиеді. Өрт оқиғасы шамамен таңғы 4 сағат 45 минут уақытында болған. Дәл осы уақытта такси жүргізушісі Азат Балғазин мансард үйдің терезесінен түтін шығып жатқандығын байқап қалады. Дереу өрт сөндірушілерді шақырған ол, қасындағы екі жолаушысымен бірге аулаға жүгіріп кіріп, үйдің есігі мен терезелерін қаға бастайды. Үйдің ішінің жанып жатқанын көрген олар өрт сөндірушілер келгенше үй иелерін оятып, терезелерді сындырып, далаға шығуларына көмектеседі. Шығатын жолды жалын бөгеп тастағандықтан үй иелері 2-қабаттың терезесі арқылы шығады.

Бүгінгі таңда күйік пен жарақат алған 2003 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға орнына 7 минуттан кейін жеткен өрт сөндірушілер сағат 6.30-да өртті толықтай сөндіріп болды. 170 шаршы метрді жайлаған өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 өрт сөндіруші, қалалық электр жүйесінің мамандары, жедел жәрдем бригадасы және жергілікті полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Департамент басшылығы отбасын өрттен құтқаруға көмектескен барлық үш жігітті де ведомстволық наградаға ұсыну туралы шешім қабылдады. Алғашқылардың қатарында

Азат Балғазин бар.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button