Жаңалықтар

«Синопэк Қазақстан ХМК» компаниясында еңбекақы 15-20 пайызға көтеріледі

«Синопэк Қазақстан ХМК» ЖШС жұмысшыларына еңбекақы 15-20 пайызға көтерілетін болды. Компания басшылығы мен жұмысшылары арасындағы келіссөз барысында осындай келісімге қол жеткізілді.

1 сәуір күні «Синопэк Қазақстан ХМК» ЖШС жұмысшылары кеңсенің алдына жиналып, жұмысқа шықпайтындықтары туралы мәлімдеген болатын. Олар еңбекақыны көтеруді талап етті.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша олармен кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов барып, жиналғандарға еңбек дауының келісім комиссиясы арқылы Заңға сәйкес шешілетінін түсіндірді.

Келісім комиссиясы құрамына компания басшылығы, кәсіподақ ұйымы және жұмысшы-қызметкерлер өкілдері енді.

«Бұл кездесудің қорытындысы бойынша еңбекақыны категорияға байланысты 15-20 пайызға көтеру туралы шешім бірауыздан қабылданды», — деп хабарлады Қайрат Бекенов.

Кәсіпорында жұмыс қалпына келді. «Синопэк Қазақстан ХМК» ЖШС сервистік мұнай компаниясы болып табылады және мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, сондай-ақ басқа да жұмыстар бойынша қызмет көрсетеді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button