Жаңалықтар

МИ-8 тікұшағы апатында қаза тапқан жерлестеріміздің отбасыларына көмек беріледі

Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы қайғылы оқиға кезінде екі ақтөбелік қаза тапты, олар — майор Данияр Қоңырбай және ефрейтор Өмірхан Қауқаев.

Даниярдың ата-анасы Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында тұрады. Үш бала әкесіз қалды, олардың ең кішісі — 3 айлық.

Өмірхан Қауқаевтың туыстары Мәртөк ауданының Мәртөк ауылында тұрады. Ақтау қаласының 30153 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет еткен 28 жастағы жігіттің бір ұлы бар.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасына сәйкес, қаза болғандардың туған-туыстарына олардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіледі.

Бұдан бұрын Қызылорда облысының Жалағаш ауданында 27 наурызда Қазақстанның әуе күштеріне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Бұл тікұшақ

«Алтын жебе» арнайы бөлімшелерінің кешенді оқу және жаттығуы  аясында 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге қараңғыда және күрделі метеорологиялық жағдайларда Ақтаудан Шымкентке қарай ұшып шыққан болатын.

Әскери міндетін орындау кезінде 13 адам қаза тапты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button