Жаңалықтар

Орталықтың тынысы

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин  энергия тиімділігі орталығына барды.

Бұл ғимаратта тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, облыстық ішкі істер департаменті жедел басқару резервтік орталығы, шаһардың инженерлік желілері мен тіршілігін қамтамасыз ету мониторингі орталығы, сонымен қатар Алматы ауданы әкімі аппараты орналасқан.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мәулен Әшімбаевқа энергия тиімділігі орталығының басты міндетін айтып, жұмысымен таныстырды. Баламалы энергетиканы дамытуды мақсат еткен аталған орталық тұрғындарға көрсетілетін барлық коммуналдық қызметтерді үнемдеуге де мүмкіндік береді.

Тұңғыш Президент «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ( оныншы міндет — «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін)  «ақылды қалалар» құруды тапсырған болатын. «Ақылды қалалар» ірі қалалардың дамуына тың серпін беріп, халықтың өмір сүру сапасын арттырады. «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған «Smart Сity» жобасы еліміздегі 5 қалада жүзеге асырылуда. Солардың бірі —Ақтөбе. Шара барысында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов облыс орталығының даму барысын, «Smart City Ақтөбе» жүйесін жан-жақты  баяндады. Заман талабына сай цифрлық технологиялар қазірдің өзінде енгізіліп жатыр. Халық терминалдар мен компьютерлердің көмегі арқылы цифрлық форматтағы қызметтерді тиімді қолданып жүр.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button