Басты жаңалықтар

Терроризмге қарсы қорғалу жүйелері күшейтіледі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық терроризмге қарсы комиссия мен облыстық  өңірлік жедел штабы отырысының бірлескен жиыны өтті.

Жиынға жауапты мемлекеттік мекемелер, облыстық басқармалардың, құқық қорғау органдарының басшылары және барлық аудан әкімдері бейнеселекторлық байланыс режимінде қатысты.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Нұрмағанбетов террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов облыс жастарының арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат беріп, жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиында Мәртөк, Әйтеке би және Қобда аудандарындағы терроризмге қарсы комиссиялардың жұмысы туралы аудан әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Облыс әкімі баяндамашыларды мұқият тыңдап, осы бағыттағы жұмысты одан әрі жандандарып, үнемі қатаң бақылауда ұстап отыруды тапсырды.

Жиын барысында көп қабатты тұрғын үйлердегі және тұрғын үй секторларындағы өрт қауіпсіздігінің жағдайы, болуы мүмкін өрттердің алдын алу шаралары туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов және қосымша баяндамашы ретінде Ақтөбе қаласы әкімі Ілияс Испанов сөз сөйледі.

Бірлескен жиын қорытындысы бойынша облыс əкімі Оңдасын Оразалин салаға қатысты бірқатар нақты тапсырмаларды атап, террористік тұрғыда әлсіз нысандардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтаудың қажетті шараларын қабылдау, сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін айтты.

Облыс əкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button