Білім

Түлектер жоба қорғады

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде биылғы оқу жылында 646 оқушы күндізгі оқу бөлімін бітірді. Темір жол саласына колледж 9 мамандық бойынша орта кәсіби мамандар даярлайды.

Қазір жаңа технологиялар мен ақпараттық жүйелердің қарқынды дамуы, жаңа машина-механизмдер, қондырғылардың көбеюі дипломдық жаңашыл жобаларды көптеп жасауға ықпал етіп отыр. Нақты жобаларды жасауда оқушы мен жетекшінің атқаратын жұмысы үлкен ізденісті талап етеді.

Колледж түлектері «Ақтөбе стансасында темір жол мекемелерінің жұмыстарын ұйымдастыру және басқару» тақырыбы бойынша барлық мамандықтарды қамтитын нақты МОНО-ЖОБА жасады. Жобаға колледждің әлеуметтік серіктестік мекеме басшылары (Н.Әйтешов, С. Екібаев, Ә. Тәуекелов, Ақтөбе тасымалдау бөлімінің бөлім меңгерушісі С. Жұмабаев) қатысты.

Жобаны темір жол мамандықтары бойынша А. Айтжанова, Ш.Ташқараева (диплом жетекшісі — Л. Иванова), А. Ерқасымова (диплом жетекшісі — Т.Акажан), Р. Кенжеғалиев (диплом жетекшісі  — Қ.Ибраимов Қ.А), М. Сыдықов (диплом жетекшісі — Б.Жолмырзаев), А.Өтесейнов, Н.Сейілов (диплом жетекшісі — Наржанова Б.А), Б.Дүйсенова (диплом жетекшісі — Б.Дүйсенбаева) қорғап шықты.

Жобаны қорғау кезінде оқушылар өз білімдерін теміржолдың әр саласы бойынша айқын аша білді. Оқушылардың жоба жасау кезіндегі нақты деректерге жүгінуі, жасалған жұмысты электронды түрде көрсете білуі көрермен оқушылар мен ұстаздар көңілінде үлкен әсер қалдырды.

Жобаның жоғары дәрежеде орындалғанын айта келе, серіктестік мекемелерінің басшылары барлық мамандықтарды қамтитын бұл МОНО-ЖОБА-ның жасалғанына жоғары баға берді және жыл сайын басқа стансалар жұмысын осы тұрғыда жобалап отыруын ұсынды. Колледж басшысы, техника ғылымдарының кандидаты Ж. Мұхамбетпаизова бітіруші түлектерді өз салаларында кәсіби маман иесі болуларымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Мақсат ЖИЕНҚОЖАЕВ,

колледж директорының орынбасары.

***

Марафон

Ата-анамыз да қуанды

Ақтөбе қаласындағы №1 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құрылған еңбек отряды қатарында 225 бала бар. Өз өтініштері мен ата-аналарының келісімі бойынша балалар үш ауысымға бөлініп жұмыс жасауда. 1-ауысымда 152 бала жұмыс жасап кетсе, 2-ауысымда 55 бала еңбектеніп жатыр. Балалар мектеп ауласын, «Махаббат алаңын», Гришин көшесінің бойын тазалады. Өздеріне бөлінген  жерлерде қоқыстарды жинап, ағаштардың айналасын қопсытып, әктеп және өзге де жұмыстармен айналысады, әрине, оқушылар бұл атқарған істеріне еңбекақыларын да алады.

—Өз қаламның көркеюіне  кішкентай да болса  көмегімнің тигеніне қуаныштымын.  Бұл игі іс қала тазалығын сақтаумен қатар,  жазғы демалыста табыс көзі де болып табылады. Еңбекақымызды алған кезде өзіміз де, ата-аналарымыз да мәз болдық. Отбасының  қаражатын аз мөлшерге  болса да көбейттік, — дейді 10-сынып оқушысы Ақбота.

А.МҰРЫНОВА.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. мен баламды теміржол колледжіне тусіргім келеді.колледжде кандай мамандык жане кай мезгілде кужаттарды кабылдайды соны білгім келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button