Жаңалықтар

Нұрсұлтан Әбішұлы – ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын – Кәрім Мәсімов

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап жазатынын айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлы – ұлы адам. Ол туралы кітап жазамын, оны «Елбасы көмекшінің көзімен» деп атаймын», – деді Мәсімов. Оның айтуынша, кітап қызықты болмақ.

«Парақтары «жабық» қызық кітап болады», – деді ҰҚК басшысы. Айта кетейік, Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып 2016 жылы 8 қыркүйекте тағайындалған болатын.

Кәрім Мәсімов 2003-2006 жылдар арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болған, премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Екі рет елдің премьер-министрі (2007-2012 және 2014-2016 жылдары) болды, сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде жұмыс істеді.

Ол премьер-министрдің қызметінде болғанына қарамастан өзін президенттің көмекшісімін деп бірнеше рет айтқан болатын.

«2007 жылы қаңтарда, Нұрсұлтан Әбішұлы, мені алғаш рет премьер-министр етіп тағайындадыңыз.

Сол кезде қандай қызметте болсам да, сіздің адал көмекшіңіз боламын деп уәде берген едім.

Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгін қайта айтқым келіп тұр: мен әлі де сіздің көмекшіңізбін, әлі де шәкіртіңізбін.

Қазақстанды дамыту бойынша үлкен істерді жүзеге асыруға менің де қатысуыма мүмкіндік бергеніңізбен мақтанамын», – деген еді Мәсімов 2011 жылы.

Tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button