Жаңалықтар

Сот үкімі өз күшінде қалды

«Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдады, сақтады және қайта өңдеді» деп айып тағылған қылмыстық топ мүшелеріне қатысты 2018 жылы 12 желтоқсанда сот үкімі шыққан болатын.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, мұнай өнімдерін сатумен айналысқан топ мемлекетке 1,4 млрд теңге шығын келтірген. Сотталғандар сот үкімімен келіспей аппеляциялық шағым түсірген болатын.

Аппеляциялық шағымды қараған Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 15.03.2019 жылғы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды. 12.12.1018 жылғы бірінші сатыдағы сот үкімімен Ақтөбе мұнай өңдеу зауытының директоры А.Қожағалиев 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы іске қатысы бар деп айып тағылған Беларусь елінің азаматы С.Кунцевич 17 жылға сотталды. Сондай-ақ топ мүшелері Э.Өтениязов пен А.Көшкінбаевқа 4 жылдан жаза кесілді. Олардан ортақ мөлшерде материалдық залалды өтеу есебінде «ҚТЖ» ҰК АҚ-ның пайдасына 34 549 744 теңге, «ҚТЖ-жүк тасымалы» ҰК АҚ-ның пайдасына 107 244 022 теңге және сот шығындары өндірілді. Ал, мемлекет алдындағы қарызын толық өтеген С.Раев қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Самат НАРЕГЕЕВ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button