Спорт

Ақтөбелік полицейлер жеңіспен оралды

Атырау қаласында өткен жекпе-жектен ерлер мен әйелдер арасындағы  республикалық чемпионаттан Ақтөбе облысы полиция департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақтың  полицей-спортшылары жеңіспен оралды.

Сайыс қорытындысы бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде жалпы саны 5 жекпе-жек өткізген Мирас Ұлықпанов абсолютті чемпион деп танылып, жеңімпаз атанды. Мирас Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген. 7 жасынан бастап қазақша күрес,  еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысады.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖҚАЖ инспекторлары Нұрсұлтан Махметов пен Айбек Атабаев жүлделі екінші орын алған. Енді спортшылар Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайды. Чемпионат қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының командасы үшінші орын иеленді.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button