Жаңалықтар

Су тасқынына қарсы штаб жұмысын бастады

11 наурыздан бастап Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқынына қарсы штаб өз жұмысын бастады.
Бұл туралы қала әкімі аппаратының төтенше жағдай бөлімінің басшысы Бекболат Нұрашев хабарлады. Оның айтуынша, биыл су тасқынына қарсы 100-ден астам су сорғыш арнайы техника, сондай-ақ 30-дан астам ауыр техника жұмылдырылады.

Бүгінде қала бойынша 10 мобильді сорғы станциясы бар, жуырда 3 сорғы станциясы іске қосылды.

  • Қазіргі таңда қала бойынша көктемгі су тасқынына байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, қала аумағындағы Садовой, Шилісай, Қызылжар, Кеңес Нокин, Құрашасай, Қурайлы, Новый, Сазды елді мекендерінде каналдар қазылып, арықтар салынып жатыр. Сондай-ақ қала аумағы қардан тазартылып, басқарушы компаниялармен бірге арықтарды тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін қала аумағынан 203 мың текше метр қар шығарылды. Қазіргі таңда Мәскеу, Сүт зауыты аудандарынан әлі де қар шығарылып жатыр, — дейді Б.Нұрашев.

Оның айтуынша, «Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, биыл өткен жылмен салыстырғанда қардың түсуі нормадан төмен. Дегенмен штаб ауа райы мен қардың еруіне сәйкес әрекет етеді. Әзірге ешқандай қауіп жоқ. Егер күн жылынып, қар тез ерісе, штаб тәулік бойы жұмыс жасайтын болады.

Айта кету керек, қала тұрғындары су тасқынының алдын алу штабына 57-17-22, 57-17-99 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.

Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button