Басты жаңалықтар

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Біз жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеуіміз керек

«Сенбі күні  облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Мәртөк ауданына барып, бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы барысымен танысты, тұрғындармен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданның ең ірі өндірістерінің бірі — өңдеуші зауытқа күн сайын 26,5 тонна сүт жеткізетін «Айс» ЖШС сүт тауарлы фермасы. Облыс әкімі өндіріс процестерімен және цифрландыру элементтерімен, өндірілетін тауарлар көрмесімен танысты. Бұдан басқа, ол  жүгері мен жоңышқадан дайындалатын мал азығын өсіретін, дайындайтын және сақтайтын «Милкер» ЖШС жобасының жүзеге асырылу барысы жайында ақпарат алды.  Аталған  жобаның 2020-2022 жылдарға арналған екінші кезеңінде 1600 бас ірі қара малға арналған сүт тауарлы фермасы құрылады.«Айс» ЖШС аумағында облыс әкімі ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

Тұрғындармен кездесу Достық үйінің ғимаратында өтті. Еркін әңгіме түрінде өткен шара кезінде аудан тұрғындары облыс әкіміне проблемалық сұрақтарын қойды. Аудан орталығында «Достық» саябағын салу туралы өтініш айтылып, көлік жолдарының сапасы, қар шығару,  мал жаятын жайылымдық жерлердің тапшылығына байланысты мәселелер  көтерілді.

Облыс әкімі сондай-ақ аудан басшылығына Елбасының Nur Otan партиясының соңғы съезінде қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыру үшін қажет барлық шараларды қабылдауды  тапсырды.

  • Біздің облыстағы 13400 отбасында төрт немесе одан да көп бала тәрбиеленуде. Мәртөк ауданында сондай 424 отбасы бар. Олардың бәрі де аса мұқтаж емес, бірақ осалдары баржәне оларға көмектесу керек. Мемлекет көпбалалы отбасыларды қолдау жағын барынша күшейтіп жатыр, алайда оған иек артып отыра бермеген жөн. Әрбір баланы елдің лайықты азаматы етіп өсіруіміз керек. Жәрдемақымен күн көрмей, өз бетімен еңбектену үшін білім, кәсіп алу керек. Біз жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеуіміз қажет», — деді облыс әкімі.

Жұмыс сапары дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысумен жалғасты. Қазіргі таңда орнатылғанметалл қаңқасы сендвичті панельдермен жабылады. Алаңы 25х9 метрлік бассейні, спорттың ойын түрлеріне, күресуге және жаттығуға арналған залдары бар кешеннің құны —  323 млн теңге.

Облыс әкімі  құрылысты биыл аяқтау үшін уақытында қаржыландыру мәселесін бақылауға алатынына уәде берді. Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы  «Зәру» мүйізбен емдеу шипажайы мен марал өсіру шаруашылығында болды. Бүгінде мүйізбен емдейтін шипажайдың 700 гектар аумағында 160 марал  бар. Мал азығын дайындау туралы сұраққа «марал өсірушілер астық пен шөпті жергілікті шаруалардан сатып аламыз» деп жауап берді. Бұдан басқа олар осы жылы панто емдеу шипажайы жанынан мүйізді өңдейтін фармоцех ашылатындығын айтты.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button