Жаңалықтар

Бірыңғай call-center құрылды

9 наурызда облыс әкімі негізгі міндеті – цифрлық технология мен баламалы энергетиканы дамыту болатын Энергия тиімділігін арттыру орталығының жұмысымен танысты. Орталық ғимараты  күн тақтайшаларымен, газпоршенді станция, геотермальды жүйе және жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда қаланы басқарудың   тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемелерінің инженерлік желілерін бақылау, Халыққа қызмет көрсету орталығы,  ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының  Алматы ауданы әкімі аппаратымен  байланыстырушы мониторинг орталығы  жұмыс істейді.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов облыс әкімін «Қауіпсіз қала», «Ақылды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»  бағыты бойынша жасалған «Смарт сити», геоақпараттық портал, «Aktobe bus» қосымшасының іске асырылып жатқан жобаларымен  таныстырды.

Осы жерде облыс басшысына «109» call-center таныстырылды. Мұнда коммуналдық қызметтің бірыңғай  байланыстырушы орталығы тұңғыш рет қолданысқа енгізілгелі отыр.  Ендігі жерде ақтөбеліктердің коммуналдық-тұрмыстық  мәселелермен  109, 909-605 (қалалық телефон арқылы), 8-778-746-3333 (ұялы телефон арқылы) телефондарына тәулік бойы хабарласуға мүмкіндіктері бар.

Тұрғындардан сауалдар түсе салысымен операторлар  ақпаратты  шұғыл түрде қажетті мекемелер мен мемлекеттік органдарға жеткізіп,  мәселе шешімін тапқанға дейін  бақылауда ұстайды. Осы жұмысқа барлық КСК-лар, коммуналдық мекемелер, қаланың басқарушы компаниялары, қала аудандарының әкімшіліктері жұмылдырылған. Орталық тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді.

Облыс әкімі қала тұрғындарының әлеуметтік желілердегі арыз-шағымдарын үнемі назарда ұстап отыруды тапсырды.  «Әлеуметтік желілерде   қала тұрғындарынан көптеген сын-ескертпелер мен өтініштер түсіп жатады. Олардың бірде-біреуі назардан тыс қалмай, тиісті шаралар дер кезінде алынуы тиіс», — деді О.Оразалин.

Сонымен қатар облыс әкімі  «112» жедел қызметінің бірыңғай call-орталығын құруға тапсырма берді. «Жедел және коммуналдық қызметтің call-орталықтары ең таңдаулы әлемдік және отандық озық тәжірибелер негізінде жұмыс істеуі тиіс. Осы шаралардың барлығы да қоғамдық тәртіпті сақтауға,  азаматтарымыздың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл — тұрғындарымыздың өмір сапасын арттыру мақсатында  Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан  орасан зор жұмыстың бір бөлігі ғана», — деп қорытындылады облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button