Жаңалықтар

Су тасқынына қарсы шаралар тексерілді

Облыс әкімі Ондасын Оразалин Ақтөбе қаласын жұмыс сапарымен аралау барысында Қарғалы өзеніндегі су тасқынына қарсы шаралар жайымен танысты.

Бүгінде 2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасына сәйкес, Ақтөбеде су басу қаупі бар сегіз өзенді тазарту, кеңейту, тереңдету және жағалауды бекіту жұмыстары жүзеге асырылуда.

Жұмыс барысымен танысқан соң облыс әкімі бірінші кезекте халықтың ағаштарды кесіп тастау туралы шағымдарынан кейін жұмысты тоқтатуды тапсырды. Ол мердігер ұйымдардың әрекеттері азаматтардың орынды наразылығын тудыратынын атап өтті.

«Тұрғындар қауіппен және алаңдаушылықпен шағымданады. Бір мезгілде жүздеген ағаш азайып, біз орынды ренішке тап болдық. Қоғам мен экологтардың пікірлерін есепке ала отырып, жобалар бойынша барлық жұмыстарды уақытша тоқтатып, өзгертулер енгізіп, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Ақтөбеде жасыл желектер көп емес, сондықтан бұл орындар жергілікті тұрғындар үшін ерекше маңызға ие», —  деді облыс басшысы.

Облыс әкімі сондай-ақ 2017 жылы су тасқыны кезінде су астында қалған Кірпішті ауданындағы бау-бақша ұжымына барды. Онда жазғы саяжай массивінің күзетшісі Серік Құдайбергеновпен әңгімелесті. Өңір басшысы жергілікті тұрғындардың проблемалық мәселелеріне — мектепке бару қиындықтары, қылмыстық жағдай ахуалына қатысты сауалдар қойды. Ол сондай-ақ анасы, зайыбы және жеті баласы бар күзетшінің үйіне кіріп шықты. Олардың ең үлкені  — 17 жаста. Құдайбергеновтер отбасы көпбалалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және саяжайлық учаскеге ИТҚ беру туралы көмек сұрады.  Облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдарға қолданыстағы заңнама аясында қолдау көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, облыс әкімі қаланың Мәскеу ауданының көшелеріндегі қарды тазалау жұмыстарын тексеріп, коммуналдық қызметтер бөліміне жолдар мен тротуарлардың уақтылы тазаланбайтыны жөнінде ескерту жасады. Қала әкімдігіне бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Сонымен қатар,  ол осы күні «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында ұйымдастырылған қабылдауға келген көпбалалы аналармен кездесті.

«Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға ерекше көңіл бөледі. Ner Otan партиясының жуырдағы съезінде Президент қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын және өмір сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынды. Басты бағдар көпбалалы аналарды қолдау Елбасы нұсқауларын орындауға аз ғана уақыт қажет. Жергілікті атқарушы органдар мемлекет тарапынан қолдаудың оны қажет ететін әрбір отбасына жету үшін барлық қажетті шараларды жасайды», — деді облыс әкімі әйелдермен әңгімесінде.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button