Мереке

Баспасөз қызметкерлеріне ілтипат

«Ақтөбе Медиа» ЖШС ұжымына қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ұзақ жыл қызмет істеген ардагерлер Жәмила Жакиенова, Алтын Қарағұлова, Айғаным Мәмбетова, Ажар Тасқалиева, Құлпырған Құсайынова бүгінде құрметті еңбек демалысында.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин алдыңғы буын өкілдері саналатын апаларды арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат тапсырды. Биыл 95 жылдығын атап өткелі отырған облыстық «Ақтөбе» газетінің өткен ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдардағы қызметкерлері ойларымен бөлісті.

— Біздің кезімізде журналистер жазып әкелген мақалаларды машинкаға қолмен теретінбіз. Бүгінде барлық жұмыс компьютермен атқарылады. Ұжымдағы өзгерістерді естіп-біліп жатамыз. Бүгінде еңбек етіп жатқан жас буынның жемісті қызмет етуіне тілектестігімізді білдіремін, — деді ардагер әже Құлпырған Құсайынова.

Осындай салтанатты шара «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның Баспасөз клубында да ұйымдастырылды. Онда серіктестікке қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде, «Адырна», «Үш таған», «Ақтөбе» журналдарында, сондай-ақ «АқтөбеНьюс» сайтында қызмет істейтін қыз-келіншектерге гүл шоқтары ұсынылып, ілтипат көрсетілді.

 Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button