Мереке

Сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

Облыстық сот қауымдастығы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында сот жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған  ардагерлерді, отставкадағы судьяларды құттықтап, сот жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді.

Облыстық соттың төрағасы Сәкен Абдолла отставкадағы судьялар мен сот жүйесі ардагерлеріне өз ризашылығын білдіріп, олардың жетістіктері мен жас ұрпаққа көрсетіп отырған үлгі-өнегесін айрықша атап өтті. Осындай жандар Райса Құрманғалиева, Валентина Карпенко, Зинаида Үргенішбаевалардың отбасына барып, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Өз өмірінің 35 жылын заң үстемдігін қамтамасыз етуге арнаған 92 жастағы сот жүйесінің ардагері Райса Құрманғалиева: «Еліміздің дамып, гүлдене беруі үшін судьялар  әрқашанда адал, таза жұмыс істеуі керек», —  деп сенім білдірді.

 А.ШҰҒАЕВ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button