Жаңалықтар

Университет ректорларын қабылдады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректорлары Бауыржан Ердембеков пен Ербол  Бекмұхамбетовті қабылдады.

Өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының басшылары университеттердің 2018-2019 оқу жылындағы қызметі және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы хабардар етті.

Облыс әкімі Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыруға назар аударды. Оңдасын Оразалин бұл ретте Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында жоғары білікті кадрларды даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ студент жастардың жатақханада тұру жағдайларын жақсарту мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, облыс басшысы Елбасының Жастар жылын ашу барысында белгілеген міндеттері аясында өңірлік жоғары оқу орындарының қолда бар білім беру инфрақұрылымдары базасында  «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша жұмыс істеу қажеттігін атап көрсетті.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button