Спорт

«Ақтөбе» футбол клубына қолдау көрсетіледі

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смақовты қабылдады»,—деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Самат Смақов облыс басшысын клубтың қазіргі жағдайынан хабардар етті.

Облыс әкімі өз кезегінде жергілікті билік органдары «Ақтөбе» футбол клубын барынша қолдайтындығын  атап өтті. Сонымен қатар өңірдегі, соның ішінде аудандардағы бұқаралық және жасөспірімдер футболын, футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Ақтөбеліктер үшін «Ақтөбе» футбол клубының орны бөлек. Біздің тарапымыздан сізге қажетті қолдау мен көмек көрсетеміз деп сендіремін», — деген облыс әкімі клубқа  жоғары спорттық жетістіктер тіледі.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button