Жаңалықтар

Ардагерлердің баға жетпес көмегі

Кездесу

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірмановты қабылдады.

Кездесу барысында билік органдары мен ардагерлер кеңесінің әріптестігін одан әрі жүзеге асырудың мәселелері талқыланды. Оңдасын Оразалин Кеңес Бірманов арқылы облыстың барлық ардагерлеріне өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің төрағасы, Елбасына және облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ардагерлердің жас ұрпақтарды патриотизм рухында тәрбиелеуге назар аударып, еліміз бен халқымыздың игілігі жолында қызмет ете беретінін атап көрсетті.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button