Басты жаңалықтарМереке

Бүгін — Алғыс айту күні

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып жарияланғаны белгілі. Жыл сайын тойланатын бұл мерекені ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтпек.

Атап айтсақ, бүгін облыс орталығындағы «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қалалық Мәдениет үйінде «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтеді.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханованың айтуынша, бұл күні «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында өтетін мерекелік іс-шараға 2 мыңға жуық тұрғын қатысады деп күтілуде. Ал аталған мереке қарсаңында қала аумағында өткізілген 35 іс-шараға жалпы саны 5 мыңға жуық адам қатысқан.

  • Биыл Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар 27 ақпаннан басталды. Жоспарға сәйкес, қала бойынша үлкен шара бүгін сағат 11.30-да «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стелласы алдында өтеді. Оған облыс басшысы, қала әкімі, зиялы қауым өкілдері қатысады. Шарада облыстағы этномәдени орталықтардың ұжымдары қазақ халқына алғыс айтып, өздерінің өнерлерін көрсетеді. Сондай-ақ бүгін сағат 14.30-да қалалық Мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек, қолдау көрсету мақсатында «Мейірімді жүрек» атты қайырымдылық концерті өтеді. Аталған шараларға барлық қала тұрғындарын шақырамыз, — дейді К.Айдарханова.

 Д.ТАУАНОВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button