Жаңалықтар

Жанармай бекеті іске қосылды

Ақтөбе қаласының орталық көшелерінің бірінде тағы бір жанар-жағармай мен газ құю бекеті ашылды.

Бұл мұнай өнімдерін көтермелі бөлшектеп сату мен көліктік қызмет көрсетумен айналысатын «Новая АЗС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  «COMPASS» атты жанар-жағармай және газ құю бекетінің бесінші нүктесі.

Бекеттің ашылу салтанатына қатысқан Астана ауданы әкімінің орынбасары Сейтмағамбет Шілманов  2014 жылдан бері сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан серіктестікке алғысын айтты. Шараға арнайы келген  «Ақтөбе» футбол клубының директоры Самат Смақов та бекеттің жұмысына сәттілік тіледі. Жаңа бекеттің құны — 142 миллион теңге. Онда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жұмысшылардың дені жастар.

Жанармай бекеті жаңа жүйелермен жабдықталып, сапалы өнімдермен жоғары талапқа сай салынған. Газ, дизелдік отын, АИ-92, АИ-95 сұрыптағы жағармайларымен тәулік бойы қызмет етеді. Бір мезгілде 6  автокөлікке дейін толтыру мүмкіндігі бар. Мұнда тұтынушыларға арналған автокөлік бөлшектері мен азық-түлік сататын шағын дүкен жұмыс істейді.

Жанармай құю бекетіне келушілер доңғалақтар мен шаңсорғышты тегін пайдаланып, қосымша қызметтерді ала алады.  Бүкіл кешен бойынша  тегін Wi-Fi қызметі бар. Жаңа бекет Астана ауданындағы әз Наурыз көшесінде орналасқан. Бұл жерде электромобильді көліктерді де қуат күшіне қосып алуға болады.

Самат НАРЕГЕЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button