Жаңалықтар

Зор мүмкіндіктің негізі

Құралай БАйменова,

Қазақстанның Еңбек Ері,  

«Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды

қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Биылғы «Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуына бағытталған жаңа кезеңге жол ашты. Мемлекет басшысының алға қойған нақты тапсырмаларының арқасында алдағы уақытта қазақстандықтар, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үлкен қолдауға ие болмақ. Атап айтсақ, көпбалалы аналарға, қамқоршыларға және мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына берілетін жәрдемақы мөлшері артып, төмен жалақы алатын жұмысшылардың еңбекақысы көтерілмек. Елбасы бұл жолы да мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдарға, өздерін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға көмек жасалатынын жеткізді.

Аталған қолдаулардың арасында мені ерекше қуантқаны — көпбалалы отбасыларға ипотека алу мүмкіндігінің жеңілдеуі мен оларға 2-3 пайызбен баспана беру жайы. Бұл — көпбалалы отбасыларға үлкен көмек. Мәселен, мен де басқалар сияқты үстемеақысы 21 пайыздық ипотека алып, банкке қарызымды қайтарып келемін. Мұндай несие алуға бұған дейін көпбалалы отбасылардың жағдайы келмейтін. Ал ендігі уақытта олардың жеке баспана алуға мүмкіндігі бар.

Съезд барысында Мемлекет басшысы халықты еңбекпен қамту мәселесіне де баса назар аударды. Шындығында, азаматтар жұмыспен қамтылса, олар өз күндерін өздері көреді. Ал мемлекет тарапынан қамқорлық пен қолдау мұқтаж жандарға көрсетілуі керек. Бұл тұрғыда қоғамда тәуелді қатынас құрудың қажеті жоқ.

Қорыта айтқанда, Елбасы бұл жолы халықтың тұрмысын, әл-ауқатын арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді көтеріп, тапсырмалар берді. Алдағы уақытта жаңа әлеуметтік бағдарлама қоғамның дамуына, игілікті істердің жүзеге асуына зор серпін береді деп сенеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button