Жаңалықтар

Асқар Мамин — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Тағайындау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

— Ол жұмыс істеген жылдары өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Асқар Ұзақбайұлы өзін тәжірибелі менеджер ретінде көрсетті. Жаңа Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Асқар Ұзақбайұлы Маминнің кандидатурасын лайықты деп санаймын, — деді Мемлекет басшысы.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Пленарлық отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы тиісті Жарлыққа қол қойды.

 

***

Сондай-ақ Елбасы Жарлығымен:

Әлихан Асханұлы Смайылов — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова — Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары;

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев — Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Марат Бақытжанұлы Бекетаев  Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Елжан Амантайұлы Біртанов — Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев — Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Сапархан Кесікбайұлы Омаров — Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова — Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Роман Васильевич Скляр — Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Руслан Ерболатұлы Дәленов — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі тағайындалды.

 

* * *

Мемлекет басшысының  Жарлығымен  Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалды.

akorda.kz.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button