Құқық

Ішімдік кесірінен жасалатын қылмыс азайды

Тәртіп

Облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі өткен жылы жасалған  жұмыстарды қорытындылай келе, аудандарда құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілгенін мәлім етті.

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары әкімшілік жауапкершілікке қатысты 40 мыңнан астам құқық бұзғандарды анықтап, мамандандырылған емдік-алдын алу мекемесіне 247 адам мәжбүрлеп емделуге жіберілді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі берген деректерге сүйенсек, өткен жылы алкоголизмнің зардабын тартқан 40 мыңға жуық азаматтың өтініштері қаралып, бұл бойынша заңды және уақтылы шешімдер қабылданған.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңға сәйкес 3,4 мың отбасына қатысты қатігездіктен қорғану туралы қаулылар шығарылып,  886 құқықбұзушыға қатысты сот тәртібіне ерекше талаптар қойылды. Учаскелік полиция инспекторлары 728 қылмыс ашты: оның үшеуі —  адам өлтіру, жиырма бесі —  тонау, үшеуі —  қарақшылық және 400-ден астам дерек өзгенің мүлкіне қол сұғуға қатысты.

Бүгінгі таңда облыстық учаскелік полиция иснпекторлары бұрын сотталғандардың 3 мыңнан астамының қайтадан қылмыстық әрекеттерге жол бермеуін қадағалауда ұстап, тұрақты алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Соның нәтижесінде  өткен жылдың қорытындысы бойынша екінші қайтара қылмыс жасау дерегі — 38,9%-ға, отбасындағы қылмыстардың саны — 14,6%-ға,  мас күйде қылмыс жасау 21,5%-ға азайған.

Учаскелік полиция инспекторлары халық алдында 1098-ге жуық есеп беру кездесулерін өткізді, бұл шараларға 72  мыңнан астам адам қатысқан. Кездесу барысында  400-ден астам ұсыныстар, ескертулер мен өтініштер түсіп, олардың барлығына толық жауап берілді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button