Әлеумет

Ашық есік күні өтіп жатыр

Әр сенбі сайын Ақтөбе қаласындағы емханаларда Ашық есік күні өткізіліп жатыр. Өткен сенбіде №1 емханада дәрігерлер тұрғындарды қабылдады. Барлығы 140-тан аса адам қаралып, 30-ға жуық тұрғын ФГДС және УДЗ аппараттарына түсті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, оның ішінде көп балалы аналарға ерекше мән беріледі. Олардың толық тексеруден өтуіне мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл шара «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобасы және қаланың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті бірлесе отырып, сенбіні денсаулық күні ретінде атап өтпек, яғни әр сенбі сайын қаладағы емдеу мекемелерінде Ашық есік күні өтеді. Мақсат — халық денсаулығын жақсарту, облыс халқына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету. Бұндай шара ауруды ерте сатысында анықтап, дер кезінде емделуге мүмкіндік береді. Келесі Ашық есік 2 наурыз күні №6 емханада өтеді. Барлық тексеру шаралары ақысыз. Тұрғын амбулаторлы карточкасы мен учаскелік дәрігердің жолдамасын алып келеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button