Экономика

«Нұрлы жер» бағдарламасы: 27 көп қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталады

Сессия

 Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Сессия жұмысын жүргізген депутат Тақталифум Есенғұлов күн тәртібіндегі мәселенің уақыт талабына сай жаңартулар күтетінін мәлімдеді.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин қатысты.

Баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасы бойынша қабылданғанын айта келіп, халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру және қолданыстағы бағдарламалар арқылы тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін енгізуді көздейтінін мәлімдеді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы ұстанған негізгі бағыттардың бірі — мемлекеттік бағалы қағаздарды шығара отырып, «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту арқылы жергілікті атқарушы органдармен несиелік тұрғын үйлердің құрылысын салу болып табылады. 2016-2018 жылдары облыста 65 тұрғын үй құрылысына жалпы мөлшері 22 миллиард теңге мемлекеттік облигациялар шығарылды. Бұл жалпы аумағы 263,9 мың шаршы метр болатын 4121 пәтерді құрайды.

Бүгінгі күнге дейін 38 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 2780 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оларға берілген тұрғын үй аумағы 179 мың шаршы метрді құрайды.

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзектілігін ескере отырып, биыл қалған 27 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделуде. Бұл барлығы 1341 пәтерді қамтиды.

Осы мақсат үшін 5,6 миллиард теңгеге мемлекеттік облигациялар шығару қажет екендігі айтылды.

Сессия отырысында сонымен бірге облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №226 «Ақтөбе облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button