Әлеумет

Аз қамтылған отбасыларға көмір таратылды

«SHANIRAQ Aqtobe» қоғамдық қоры соңғы екі айда 52 тонна көмірді тегін таратқан. Қор төрағасы Еділ Аймағанбетовтің айтуынша, бұндай қайырымдылық шарасы желтоқсан айында басталыпты.

— Желтоқсан айында БАҚ арқылы тұрғындарды қайырымдылық шарасына қатысуға шақырдық. Осыдан кейін әркім өзінің мүмкіндігінше көмір алуға қажетті қаржы берді. Алғашқы көмекті Алға ауданы Есет батыр ауылындағы жағдайы төмен отбасына көрсеттік. Осыдан кейін хабарласушылар көбейді. Шибаевка, Ақай, Қызылсу ауылдарына көмір апардық. Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары өзі ұйытқы болып, көмір жеткізіп беруге көмектесті. Бұл аудандағы отбасыларға 13 тонна көмір түсірдік. Кейбір отбасылар көмір жетпесе, ағаш түсіріп берулерімізді өтінді. Ақтөбеде жиһаз цехы бар кәсіпкер азамат  Нұрлан Көшеров ағаш жағынан көмек көрсетті, — дейді Еділ.

Көмір тек қана мұқтаж отбасыларға беріледі. Кейбір демеуші азаматтар көмірді қор мүшелерімен бірге барып алып, жеткізіп береді екен. Ақтөбенің  Алматы ауданының әкімдігі де  қала ішіне көмір  жеткізуде көлікпен қамтамасыз еткен.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button