Әлеумет

Тұтынушылық нарық

Статистика

Өткен жылғы сауда қай салада қандай деңгейде болды? Осы жайды тағы да бір рет таразыға тартып көрелік.

Тауар айналымы және тұтыну өсті

2009 жылы облыс нарығының жағдайы бөлшек тауар айналымының өсімге бетбұрысын сақтауға мүмкіндік берді. Яғни, бұл жылда бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 18,3 пайызға өсіп, 146 229,9 млн. теңге құрады.

Жан басына шаққанда тұтыну тауарларын сату өсімінің қарқыны ұлғайғаны белгіленіп отыр. Егер 2008 жылы аталған көрсеткіш орта есеппен 159 485 теңге құраса, 2009 жылы 204 275 теңге құрады.

Жеке кәсіпкерлер үлесі — 170,5 пайыз

Бұл сала тұрақты, халық табысының, халық санының және оның сапалық жағдайының деңгейіне тікелей және жанама тәуелді.

Саланың ерекшелігі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік емес секторда жеке кәсіпкерлер мен облыс нарығында сауда жасайтындар белсенді түрде бөлшек саудамен айналысуда, олардың үлесі — 53,4 пайыз, ал облыстың сауда кәсіпорындарының үлесі — 46,6 пайыз.

Жеке кәсіпкерлер есебінен алынған бөлшек сауда айналымының көлемі 78 087,0 млн. теңге құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 170,5 пайыз, ал сауда кәсіпорындарының көрсеткіші — 68 142,9 млн. теңге немесе алдыңғы жылмен салыстырғанда 87,5 пайыз.

Қандай тауарлар тұтынылады?

Бөлшек тауар айналымының макроқұрылымында азық-түлік емес тауарларды өткізу бетбұрысы белгіленіп отыр. 2009 жылы оның көлемі 78 857,6 млн. теңге құрады және 2008 жылмен салыстырғанда атаулы көрсеткіштермен 30,6 пайыз құрады.

Азық-түлік емес тауарлар құрылымында бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде басым үлес алып отырғандар:

аяқ киім, ұйымдастыру техникасы (оргтехника), автомобильдер және оларға қажетті қосалқы бөлшектер.

Ал азық-түлік құрылымында басымды бөлікті бірінші орындағы қажет тауарлар:

ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, нан және нан-бөлке өнімдері.

Ең аз үлесті құрайтындар — балық және теңіз өнімдері.

Базарлар. Сауда орындары

Облыста халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 7 мың сауда орындары бар 51 базар, оның ішінде қалалық жерде 6,7 мың сауда орындары бар 43 базар, ауылдық жерлерде 300 сауда орындары бар 8 базар жұмыс істейді.

Типтері бойынша жабық базарлар ілгері орында — 45 пайыз, тауарлық мамандандыру бойынша әмбебаптық қызмет 37 пайыз құрайды, сату түрлері бойынша бөлшек сату көрсеткіші — 98 пайыз.

Зерттеулер нәтижелері бойынша облыс базарларында бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі  — 13 768,8 млн. теңге немесе 9,4 пайыз.

Облыстың көтерме базарларында кәсіпорындардың сауда көлемі 2009 жылы 160 939,1 млн. теңге құрады. Алынған көтерме тауар айналымының жалпы көлемі мемлекеттік емес сектор көлемінен, оның ішінде шағын бизнес кәсіпорындары жалпы тауар айналымының көлемінен 85,7 пайыз алып отыр.

Облыстың көтерме базарында ең үлкен үлесті алып отырғандар — өндірістік-техникалық бағыттағы азық-түлік емес тауарлар, бұл — 73,4 пайыз.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button