Жаңалықтар

Башқұрт бауырлар келді

Баспасөз үйінде Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасынан келген меймандардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында екі ел арасындағы ынтымақтастық сөз болды. Туыс елден келген қонақтар соңғы жылдары іскерлік байланыстың нығая түскенін айтты. Оның ішінде білім, медицина, сауықтыру, туризм бағытындағы қарым-қатынастар жанданған. 

— Екі ел арасында ұзақ жылдардан бері жалғасқан достық қарым-қатынас соңғы жылдары тіпті беки түсті. Мәселен, «Красноусольск» шипажайына Ақтөбеден келетін демалушылар көп. Көрші елден келген қонақтарға ерекше құрметпен қарап, түрлі жеңілдіктер жасаймыз. Жалпы іскерлік қарым-қатынас үзілген емес. Ақтөбе біздің туған қаламыз тәрізді. Адамдары қонақжай, бауырмал болып келеді. Осыдан үш жыл бұрынғымен салыстырғанда қала әсемдене түсіпті, —  дейді «Красноусольск» шипажайы  директорының орынбасары Рамзия Юлмухаметова. Жиналғандарға шипажайдың мүмкіндіктерін таныстырды. Жалпы  көрші елден де біздің облысқа келетіндер көп. Оның ішінде медицина саласы бойынша тәжірибе алмасып тұрады.

Екі күндік сапарында қонақтар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті және  Ақтөбе хром қосындылары зауытының ұжымымен кездесті.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button