Жаңалықтар

Әскери қызметтің беделі

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, Қорғаныс министрлігінің ақпарат жəне коммуникация департаментінің бастығы, полковник Серік Боранбаев брифинг өткізді.

Басқосуда Серік Боранбаев әскери журналистерді түрлі экстремалды жағдайларға дайындау, қиын жағдайлардан өту әдістерін, өзіне және әріптестеріне медициналық, психологиялық көмек көрсету түрлерімен таныстырып, тегін өтетін пресс-турларға қатысуға шақырды.

— Қорғаныс министрлігі үш жылдан бері Астана қаласында республикалық және өңірлік деңгейлердегі баспасөз, телевизиялық және электронды бұқаралық ақпарат құралдары, радио мен блогерлердің басын біріктіретін «Әскер медиа» атты республикалық әскери баспасөз фестивалін ұйымдастырып келеді. Бұл фести­валь Қарулы Күштердің қоғамға ашықтығын көрсету, бай­ланысты арттыру, бұқаралық ақпа­­рат құрал­да­рын­­да Қарулы Күштердің қызметін білікті және дәйекті түрде жария ету, қоғам арасында әскери қызметтің беделін көтеру мақсатында өткізілді.

Былтыр халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Ресей, Беларусь, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен қатысушылар келді.

Ақтөбелік журналистерді де осындай семинарлар мен пресс-турларға қатысуға шақырамын, — деді Серік Боранбаев.

Оның айтуынша, үш күндік пресс-турлар жылына екі рет өтеді. Ол үшін облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз хатшысына хабарласуға болады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button