Білім

Мүмкіндік және мамандар


Дүйсенбі күні облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық- консультациялық мекемеде (ПМПК) «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу. Инклюзивтік оқыту» деген тақырыпта семинар өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және емдеу мақсатында  ұйымдастырылған семинарға облыстық, аудандық білімі бөлімінің қызметкерлері, логопед, психолог мамандары, бала дәрігерлері мен арнаулы бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын мамандар, т.б.  қатысты.

Семинар ҚР-ның «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңы негізінде облыстық білім басқармасының ұсынысымен ұйымдастырылды. Бұрын мұндай семинарлар жыл сайын аудандарда өтетін. Енді облысқа қарасты әр ауданда психологиялық-педагогикалық түзету сыныптары ашылып жатыр. Ал Алға ауданындағы мектеп-балабақшада сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін арнаулы топтар ашылады, – дейді мекеме басшысы Нұрлан Есенғазы.

Оқыту-түсіндіру негізінде ұйымдастырылған семинар барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы, инклюзивтік білім балалардың мектеп өміріне, өз ортасына тез араласуына толық мүмкіндік береді. Сол себепті мамандар бала қабілетінің жетілуіне, дамуына инклюзивті білім арқылы толық жол ашады. Сондықтан мұндай семинарлардың мамандар үшін жиі ұйымдастырылғаны дұрыс.

– Ойыл ауданы бойынша денсаулығы шектеулі 170 бала бар. Олардың 68-і -мүгедек, 16-сы үйден қатынап оқиды, ал 21-і мүлде оқымайды. Үйден оқытатын балаларға арнайы облыстық ПМПК ММ-ның ұсынысымен бағдарламалар бойынша жұмыс жасаймыз. Нәтиже жақсы.

Биылғы оқу жылында ауданымызда денсаулығы шектеулі балалардың жағдайын дұрыстау  мақсатында түзету кабинеттері ашылмақ. Бұл біз іске толық даярмыз, – дейді Ойыл аудандық білім бөлімінің бас маманы Түлкібай Сапаров.

Айта кететін жайт, қаламыздағы №17 мектепке дейінгі мекеме негізінде арнайы инклюзивтік тәрбиелеу кабинеті ашылды. Ал 2008-2009 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 338 мүмкіндігі шектеулі бала қосылған.

Айгүл ЖҰБАНЫШ.

Басқа жаңалықтар

5 Comments

  1. Құрметті әріптестер! Сұрақ қойып хат жазғандарыңызға көп-көп рахмет!
    Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңын орындау мақсатында облыстық ПМПК Ақтөбе облысының 12 ауданына жоспар бойынша іссапарға шығады.
    Аудандық білім бөлімі аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балаларды дайындау қажет. Балаларды тексеру ата-анасының немесе заңды қамқоршысының қатысуымен жүргізіледі.
    Қажетті құжаттар:
    1. Баланың туу туралы куәлігі, көшірмесі;
    2. Азаматтарды тіркеу кітабы, не анықтама көшірмесі;
    3. Баланың даму картасы (толық дәрігерлік тексерістен өткен);
    4. Оқу үлгерімі туралы табель,
    5. Жазу, есеп дәптерлері, сурет, бейнелеу жұмыстары;
    6. Психологиялық-педагогикалық мінездеме;
    7. Мүгедектігі туралы, үйден оқыту анықтамалары болса көшірмелері,
    8. Балабақша мен мектептің ПМП консилиум шешімі.
    Аудандық білім бөлімі аудан әкіміне, аудандық аурухана бас дәрігеріне, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жазбаша облыстық ПМПК келетінін хабарлайды.
    Аудандық білім бөлімі тексеруге қажет деген, балабақша мен мектептер және аталған мекемелер берген кемтар балалардың тізімін облыстық ПМПК жібереді.
    Аудан бойынша кемтар балалардың аудан орталығына келіп тұрған ПМПК толық тексерілуіне аудан әкімінің 2-ші орынбасары, аудандық білім бөлімінің бастығы, аудандық аурухана бас дәрігері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы және балабақшалар мен мектептердегі ПМП консилиум төрағалары жауапты.
    Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ), 030012, Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 200-а, e-mail: аktobeopmpk@mail.ru Телефон факс: 8(7132)55-04-22(басшы), 544114(есепші), Телефон: 55-02-84(тіркеуші), Басшы Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87774088898,87014552854.
    13.02.2013 жыл.

    1. салеметсизба!!! менин кызымнын кулак есту жаксы тек соилемеиди казыр жасы 9да оналту-мектебинде окиды биыл 2сыныпка отеды каламды дурыс устаи алмаиды соган кандаи кенес бересиз сиздерге емделуге калаи баруга болады?

  2. Құрметті әріптестер! Сұрақ қойып хат жазғандарыңызға көп-көп рахмет!
    Кохлеарлы имплант – дегеніміз операция жасау арқылы сіздің балаңыздың құлағының естуіне көмектесетін техникалық құрал. Бұл құралдың нәтижесі көп жағдайларға байланысты екенін ескеру қажет. Ерте жастан кохлеарлы имплант жасау, жергілікті жерінде сурдолог, сурдо педагог, құлақ аппаратын қарайтын, бақылайтын техник, психолог, дефектолог, логопед, аудиолог, балалар неврологі көмегіне жүгіне алатындай жағдай, ата-ананың сол қыйындықтарды жеңе білуі, оңалту орталықтарының көмегі т.б. жағдайлардың болуы шарт. Операцияға келісер бұрын осындай жағдайлар бар ма, әуелі соны анықтап алған жөн. Операция жасағанша және операциядан кейін ПМПК мамандарының кеңесіне жүгінгеніңіз дұрыс. Негізі кохлеарлы имплант операциясын ПМПК кеңесінсіз, қортынды, ұсынысы болмаса жасамаған жөн екенін ескерген дұрыс.
    Кохлеарлы имплант жасағаннан кейін ПМПК келіп тіркеледі, тексеріледі, қортынды, ұсыныстар алады. ПМПК қортындысы негізінде мамандардың көмегін ППТ кабинеттерінде, ПМПК жанындағы ТДТ-да тегін алады. Ата-анасы баласымен көбірек сөйлесе беруі оң нәтиже береді. Балаға көбірек көңіл бөліп сөйлессеңіз, түсінуге, түсіндіруге тырыссаңыз баланың есту қабілеті жақсы дамиды. Мамандардың сабақтарын үйден қайталап отырған жөн. Құлақтың естуіне бағытталған терапиялар бірінші ата-аналарға арналған, ата-аналар дыбыстарды баласына қалай үйрету қажеттігін мамандардан үйренулері керек. Олай болмаған жағдайда кохлеарлы имплант операциясы оң нәтиже бермейді.
    Ұсыныстар:
    Қазақстан Республикасында 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңына байланысты: 1. Кохлеарлы имплант жасайтын балаларға әлеуметтік(жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы), медициналық(денсаулық сақтау басқармасы), педагогикалық(білім беру басқармасы) қандай көмектер берілу керектігін заңдастыру,
    2. Кохлеарлы имплант жасайтын балалардың ата-аналарын операция жасар алдында 1 айлық дайындық курстан өткізу,
    3. Кохлеарлы имплант жасайтын балаларға тегін Үкімет тарапынан болсын және ата-ана өздігінен ақылы жасаймын десе де операция ПМПК қортындысы мен ұсынысы арқылы жасалу қажеттігін заңдастыру,
    4. Кохлеарлы имплант жасалынған аудан, ауыл балаларына арналған облыс орталықтарында толық қажетті мамандары және аппараттары мен құрал жабдықтары бар шағын мектеп интернаттар құру.
    Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ), 030012, Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 200-а, e-mail: аktobeopmpk@mail.ru Телефон факс: 8(7132)55-04-22(басшы), 544114(есепші), Телефон: 55-02-84(тіркеуші), Басшы Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87774088898,87014552854.
    22.02.2013 жыл.

  3. Құрметті әріптестер! Төмендегі мәселелерді ескерулеріңізді сұраймын!
    Мектептерде 1-ші класта оқып жүрген, бірақ, 42 әріпті білмейтін баланы 3-ші тоқсанға негіссіз көшіруге болмайтынын және 2-ші, 3-ші, 4-ші класта әріп танымайтын балалар оқып жүрсе, уақытында ПМПК –ан психологиялық – медициналық – педагогикалық тексеруден өтізу қажеттілігін, ПМПК қортындысы мен ұсынысына байланысты кемтар балалар өз деңгейіне орай жеңілдетілген бағдарламамен оқу керектігіне мектептің ПМП консилиум төрағасы(мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары) жауапты екенін ескерулеріңізді өтінемін!
    Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ), 030012, Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі 200-а, e-mail: аktobeopmpk@mail.ru Телефон факс: 8(7132)55-04-22(басшы), 544114(есепші), Телефон: 55-02-84(тіркеуші), Басшы Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87774088898,87014552854.
    27.02.2013 жыл.

  4. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңын орындау мақсатында облыстық ПМПК мамандары(психиатр, невропатолог, сурдолог, офтальмолог, психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог, медстатист, педиатр, әлеуметтік педагог, медбибі) 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексереді. Балаларды тексеру ата-анасының немесе заңды қамқоршысының қатысуымен жүргізіледі.
    Қажетті құжаттар:
    1. Баланың туу туралы куәлігі, көшірмесі;
    2. Азаматтарды тіркеу кітабы, не анықтама көшірмесі;
    3. Баланың даму картасы (толық дәрігерлік тексерістен өткен);
    4. Оқу үлгерімі туралы табель,
    5. Жазу, есеп дәптерлері, сурет, бейнелеу жұмыстары;
    6. Психологиялық-педагогикалық мінездеме;
    7. Мүгедектігі туралы және үйден оқыту анықтамалары болса көшірмелері,
    8. Балабақша мен мектептің ПМП консилиум шешімі.
    Аталған Заңға байланысты аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық аурухана, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі облыстық ПМПК Қортындысын және медициналық көмектер, білім беру бағдарламасы және әлеуметтік көмектер жөнінде Ұсыныстарды бірігіп толық орындаулары қажет.
    Бірақ, аталған Заңның шыққанына 10 жыл болып кетседе, әліде түсінбеушіліктер көп.
    Не істеу керек:
    1. Облыстық ПМПК тексерілген 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдер аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміндегі балалардың құқығын қорғайтын маманда есепте тұрады, сондықтан оларды қорғауға, қадағалауға, қамқорлауға міндетті екенін ұмытпау керек.
    2. Аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді сол тізім бойынша дәрігерлер(психиатр, невролог, офтальмолог, сурдололг) диспансерлік есепке алады, емдейді, оңалтады, қайтадан облыстық ПМПК жіберерде эпикриз жазады.
    3. Мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдердің 0-ден 3 жасқа дейінгілеріне педиатр, 3-тен 6 жасқа дейігілерді балабақша медбибісі, 6-дан 18 жасқа дейінгілерді мектеп медбибісі: дәрігерлерге(психиатр, невролог, офтальмолог, сурдололг) қаралуына, емделуіне көмектеседі.
    4. Балабақшалар мен мектептер облыстық ПМПК Қортындысында көрсетілген, берілген Ұсыныстары бойынша тәрбиелейді, оқытады. Көрсетілген білім беру бағдарламасын өзгерту қажет десе ғана облыстық ПМПК қайтадан тексеріске ПМП консилиум шешімімен жібереді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button