Ақтөбе — 150Басты жаңалықтар

«150 игі іс»: 36 баланы қуантты

Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойы аясында қолға алынған «150 игі іс» акциясы одан әрі жалғасын тауып жатыр. Соның бір көрінісі ретінде «ДОДО Пицца» мейрамханасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық түскі асты айтуға болады.

Мұндағы мақсат — ұл-қыздардың көңілін көтеріп, олардың бос уақытының тиімді өтуіне атсалысу. Осыны көздеген ұйымдастырушылар 36 баланы жаңа тамақтану орнында түскі аспен қамтыды. Ал ойын-сауық бағдарламасын «Сладкая борода» балалар мерекелерін ұйымдастыру командасы ұсынды. Соңғы аталғандар да риясыз көңілмен, ақысыз негізде акцияға қатысуға ниет танытқан.

— Жыл басынан бері қаламызда «150 игі іс» акциясының өтіп жатқаны белгілі. Оның аясында түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып жатыр. Акцияға кәсіпкерлер ғана емес, мұғалімдер, оқушылар, барлық тұрғындар үн қосып жатқанын айтпай кетуге болмайды. Наурыз айының соңына дейін осындай игі іс жалғасын таба бермек, — дейді Ақтөбе қаласына қарасты Астана ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысыБотагөз Бисенова.

Айта кетейік, негізінен пицца тағамына басымдық беретін тамақтану орны шаһарда жақында ғана жұмысын бастады. Мұнда 15 адам еңбек етеді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button