Жаңалықтар

Артық аумақ және оңтайландыру нәтижесі

Брифинг

Облыста былтыр барлығы 445 мемлекеттік мекеме түгендеуден өткізіліп, соның нәтижесінде мемлекеттік органдардың 19744 шаршы метр алаңды қамтамасыз ету талаптарын сақтамағандығы анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басшысының орынбасары Рафхат Бисенов және аталған департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы Ераман Хайруллин қатысқан баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Р.Бисеновтің айтуынша, департамент мамандары мемлекеттік органдардың орналасқан алаңдарын оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда.

Егер басшылар 4280 шаршы метр аймақтық стандарт аумағын сақтамаған болса, ал қызметкерлердің кеңселері — 5725, ал басқа бөлмелер  9739 шаршы метр артық аумақты қамтығаны белгілі болды. Аумақтар талаптарын сақтамау жағдайлары негізінен аудандардағы, қалалық, облыстық мемлекеттік мекемелерде анықталып отыр, — деді Р.Бисенов.  

Баспасөз мәслихатын өткізушілер аталған жұмыстарға байланысты нақты мәліметтер келтірді.

Мәселен, «Ақтөбе облысының фармация комитетінің департаменті» мемлекеттік мекемесі бойынша 87,7 шаршы метр артық пайдаланған аумақ анықталып, оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде 99,2 шаршы метр аумаққа Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Ақтөбе облысы бойынша филиалы орналастырылды. Осылайша, жүргізілген оңтайландыру жұмыстарының нәтижесінде 240 861 теңге үнемделіп, атап айтқанда, коммуналдық қызметтерді төлеу шығындары қысқартылды, — деді Е.Хайруллин.

Департамент мамандары есепті кезең ішінде «Қоғамдық бақылау» жобасын жыл бойы жүзеге асырылғанын атап өтті. «Аталған жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін төмендетуге тиімді  әсер тигізгенін ерекше атап өткен жөн. Жыл бойы 50-ден астам азамат қоғамдық кабылдауға жүгіну арқылы өз мәселерін шешуде қолдау тапты. Нәтижесінде өтініштердің

100  пайызы қанағаттандырылды», — деді мамандар.

Есепті мерзім ішінде департамент мамандары жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 16 іс-шара өткізген.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button