Басты жаңалықтарЭкономикаӘкімдер есебі

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Облыстың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» есеп беру тезистері

Құрметті жерлестер!

2018 жылды біз «Экономикалық серпіліс жылы» деп жарияладық. Осылайша  экономикалық өсу қарқынын 5% деңгейінде сақтап қалдық.

Өткен жылды біздің облыс барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқынмен аяқтады.

Өткен жылы Мемлекет басшысы алдымызға облысты дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөнінде міндеттер қойды, енді, міне, жылды қорытындылай келе, олардың орындалғаны туралы мәлім етуге болады.

Оң нәтиже облыстың халқымен бірлесе атқарылған қажырлы жұмыстар есебінен қамтамасыз етілді.

2019 жылы біздің алдымызда бұрынғыдан да биік міндеттер тұр, бірінші кезекте бұл міндеттер ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ сапа деңгейін одан әрі жақсартуға бағытталған.

Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған нақты басымдықтар басты бағдар болады.

2019 жылы әлемдегі күрделі саяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, алға қойылған міндеттерді орындау үшін бұрынғыдан да көп күш жұмсауымыз қажет.

Бұдан әрі сіздерге өткен жылдың негізгі табыстары мен алдағы жылдың міндеттері жөнінде баян етемін.

ЕҢБЕКАҚЫНЫ АРТТЫРУ

Облыс халқының табысы артты.

Яғни облыс бойынша орташа айлық еңбекақы 9,4%-ға өсіп, 133,7 мың теңгеге жетті (2018 жылдың 9 айы).

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі еңбекақы 1,5 есеге өсті (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін).

Экономиканың әрбір саласы бойынша еңбекақы жөнінде талдау жасалды.

70 мыңнан астам ақтөбеліктің ең төменгі жалақысы жоғарылатылды.

Кәсіпорын басшылығымен жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында, ағымдағы жылы 176 кәсіпорында 32 мың қызметкердің еңбекақысын орта есеппен 10%-ға арттыру бастамасы қолдау тапты.

Сонымен қатар, өткен жылы желтоқсанда 36 мыңнан астам ақтөбелік жалпы сомасы 3 млрд теңгеге сыйақы алды.

Ағымдағы жылы аталған жұмыс барлық бағыттар бойынша жалғасатын болады.

БЮДЖЕТ

2018 жылдың қорытындысы бойынша біздің облыс шоғырландырылған бюджетке рекордты көрсеткіш — 534,6 млрд теңге түсімді қамтамасыз етті, бұл — 113,1%.

Бұл ретте  жергілікті бюджетке  118,5 млрд теңге  түсті, ол 2017 жылға қарағанда 17,9 млрд теңгеге жоғары (2017 жылы — 100,7 млрд теңге).

Салық салу базасын кеңейту бойынша көлемді жұмыстар жүргізілді, соның есебінен бюджетке қосымша 5,8 млрд теңге қосылды.

2018 жылы  10 жыл ішінде алғаш рет облыс бюджеті 100%-ға игерілді немесе 230,8 млрд теңге болды.

Аталған жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылады.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 66 тапсырмасының 1-еуі орындалды («Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылуы), 65-і орындалуда.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 138 тапсырмасының 37-сі орындалды, 101-і — бақылауда.

5 ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ

Облыс бойынша банктер 3,5 млрд теңгеге ипотекалық тұрғын үй заемдарын алуға 412 өтінім қабылдады, оның ішінде 1,9 млрд теңгеге 216 өтінім мақұлданды.

Облыс әкімдігімен «Баспана ипотекалық ұйымы» АҚ-мен бірлесіп таяу жылдары 800,0 мың шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй салынатын болады.

Сондай-ақ, бағдарламаны іске асыру кезеңінде бюджеттік қызметкерлерді, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін қолдау үшін бастапқы жарнаны 10%-ға азайту мақсатында 2,0 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарлануда.

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру үшін олардың салық жүктемесін азайту»

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақылары 63 мың теңгеге дейінгі қызметкерлерге  жеке табыс салығы бойынша салық жүктемесі 10 есеге төмендеді.

Еңбекақыны өсіру облыстың  92,6 мың адамын қамтитын болады.

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту»

Облыс бойынша 2018-2019 оқу жылына 1,1 мың білім гранты бөлінді. Сонымен қатар, әкімдікпен қосымша 100 грант, басқа өңірлердің жоғары оқу орындарына түскен облыс студенттеріне 9 грант бөлінді.

Колледждер үшін 1 960 орындық 7 жатақхана және ЖОО  үшін 500 орындық 1 жатақхана салу қажеттілігі анықталды.

Сонымен қатар, 2018 жылы 612 орындық 3 жатақханаға  ЖСҚ әзірлеу  аяқталды.

Жобаларды іске асыру үшін әлеуетті жеке инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»

1000-ға жуық кәсіпкер 4,7 млрд теңгеге шағын несие алды, оның 92,3%-ы — ауыл тұрғындары.

2019 жылға Несиелендіру бағдарламасы аясында 1048 жобаға 5 041,8 млн теңге бөлінді. Ауыл тұрғындары үшін 976 жобаға 3 850,2 млн теңге; қала тұрғындары үшін 72 жобаға 1 191,6 млн теңге бөлінді.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру»

Облыстың газ құбырының жалпы ұзындығы — 6310 км. Облыстың 369 елді мекенінің 120-сы газдандырылған, онда 768 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 88,5%-ы тұрады.

2019-2020 жылдары 7 мыңнан астам тұрғыны бар 13 ауылдық елді мекен газдандырылады.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2018 жылы өңірдегі өнеркәсіп өсімі 5,6%-ға қамтамасыз етілді, рекордтық сомаға – 1,9 трлн теңгеге (2017 жылы –1,6 трлн теңге) өнім өндірілді.

Өсімге өңдеу өнеркәсібінің 8,8% немесе 597 млрд теңге деңгейінде дамуының арқасында қол жеткізілді.

Осылайша, бүгінде біздің облыс мұнай-газ саласына тәуелділікті төмендетіп, экономиканы әртараптандыруды табысты жалғастыруда.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында, 2018 жылы облыстағы 55 кәсіпорын 85 млрд теңгеге жаңғыртылды.

Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігінің 10%-ға артуына, өнімнің өзіндік құнының 2%-ға және өнеркәсіптегі жарақаттанудың 5%-ға төмендеуіне мүмкіндік берді.

Ақтөбе облысына инвестиция тарту жұмыстары жалғасуда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 516 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды, бұл 2017 жылғы деңгейге қарағанда 10,8%-ға артық.

Бұл ретте тартылған қаражаттың 87%-дан астамы жеке сектор субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылады, ал инвестициялардың 30%-дан астамы сыртқы инвестиция болып табылады.

2018 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде ұсынылған 5,5 млрд теңге сомасындағы 6 технология енгізілді.

Осылайша, «Зару» шаруа қожалығында және «Желэнерго» компаниясында Германияның «AN» Бонус» жел қондырғылары мен күн панелдері орнатылды. Баламалы энергетика технологиясының арқасында электр энергиясын өндіру үрдісі жетілдіріліп, энергия шығыны азайды.

«Каспий плюс» ЖШС жетекші америкалық «General Electric International Inc» өндірушісінің GE кластық редукторларын орнатты. Енгізудегі маңызды тиімділік кәсіпорынның еңбек өнімділігінің 5%-ға артуы болып отыр.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің арқасында «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС-на америкалық «General Electric International Inc» өндірушісінің мұнай-газ саласы үшін детандерлері енгізілді. Нәтиже — өнімділік пен шығарындылардың 3%-ға азаюы.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпорнымен тұз асты кешенінің ұңғымаларында қабаттың гидравликалық үзілуінің және бір мезгілде құм бүріккіш перфорациясының озық технологиясы және Қытай өндірушілерінің мұнай мен газ өндірудің автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары енгізілді. Нәтиже — компания үшін мұнай өндірудің өсімі шамамен 7%-ға жетті.

Бұдан басқа, 2023 жылға дейін қалдықтарды өңдеу және қайта өңдеу, кәдеге жарату, жаңартылатын электр энергиясы көздері, биоотын, қалдықсыз өндіріс және т.б. салаларда шамамен 60,6 млрд теңгені құрайтын 15 технологияны енгізу жоспарланып отыр.

 Алдағы 2019 жылға біз келесідей міндеттер қойдық:

өнеркәсіптік өнім шығаруды 2,0 трлн теңгеден төмендетпеу, бұл саланың 105,1% деңгейінде өсуін қамтамасыз етеді;

– өндірілетін мұнай көлемін 6,0 млн тонна деңгейінде сақтау, газ өндіру көлемін 7 млрд текше метрге дейін арттыру, рельс-арқалық өнімінің өндірісін 149 мың тоннадан 200,0 мың тоннаға дейін арттыру;

– шамамен 90 млрд теңге сомасына кемінде 55 кәсіпорында жаңғырту және цифрландыруды жүргізу;

«ЭКСПО-2017» көрмесінің 21 инновациялық технологиясын енгізу бойынша жұмысты жалғастыру;

– ақтөбелік кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамту деңгейін 49%-дан 54%-ға дейін арттыру, бұл аймақ экономикасының түрлі салаларын қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Ақтөбе облысында  сомасы 256,3 млрд теңгені құрайтын, 2,9 мың жұмыс орны пайда болатын 23 жоба жүзеге асырылуда.

2-ші бесжылдықты іске асыру сәтінен бастап 60,5 млрд теңге сомаға 15 жоба іске қосылып, 1350 жұмыс орны ашылды.

«Gas processing Company» ЖШС-ның  газ өңдеу кешені жобасы  аймақ үшін маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Бұл жобаны іске асыру 2016 жылы басталды. «Aktobe Invest-2016» 4-ші Халықаралық инвестициялық форумы аясында облыс әкімдігі мен компания басшылығы арасында меморандумға қол қойылды  және 2018 жылдың 11 желтоқсанында Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы осы жобаны іске қосты. Жоба аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартады, себебі енді ілеспе газ алау арқылы жағылмайды. Аталмыш жобаның инвестиция көлемі45 млрд теңге,  250 жаңа жұмыс орны ашылды (2019 жылы 2-кезек аясында жеңіл көмірсутек алу қондырғысын салу жоспарлануда).

2018 жылы индустриялық-инновациялық даму саласында 325 жаңа жұмыс орнын құрумен 5,3 млрд теңгеге Картадан тыс 5 жоба жүзеге асырылды.

Мәселен, машина жасау саласында «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ның блоктық-жиынтықты жабдықтарының өндірісі (құны — 1,8 млрд теңге, 40 жұмыс орны құрылды) және «ЭкоЭкспресс Ақтөбе» ЖШС-ның мұнай саласы үшін пеш өндірісі іске қосылды (құны — 1 млрд теңге, 95 жаңа жұмыс орны құрылды).

Халық тұтынатын салаларды дамыту мақсатында «Айс плюс»  ЖШС-ның балмұздақ өндіру бойынша (құны — 21 млрд теңге, 50 жаңа жұмыс орны құрылды), «СтройБетонСнаб» ЖШС-ның темір бетон бұйымдарын өндіру (құны 795 млн теңге, 80 жұмыс орны құрылды) және  «Поливест» ЖШС-ның  полиэтилен пакеттерін өндіру (құны 500 млн теңге 60 жұмыс орны құрылды) жобалары іске қосылды.

«Ақтөбе» индустриялық аймағында 2040 тұрақты жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 122,2 млрд теңгеге 23 жобаны игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінде жер телімдерінің  80%-ы пайдаланылуда. Бүгінгі таңда 5,6 млрд теңгеге 5 нысан жұмыс жасайды, онда 400 адам жұмыспен қамтылған.

Өңірге қолайлы жағдай жасау және инвестиция тарту шеңберінде «металлургия», «машина жасау», «құрылыс», «мұнай химиясы» секілді неғұрлым перспективалы салалары бар 4 субзона құру арқылы жұмыс істеп тұрған «Ақтөбе» индустриялық аймағын трансформациялау жолымен Арнайы-экономикалық аймақ құру жоспарлануда.

2019 жылға жоспар:

– облыста 34,8 млрд теңгеге 600-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылатын,  жалпы саны 10-нан кем емес инвестициялық жобаны іске асыру;

– индустриялық аймақта 23,1 млрд теңгеге 370-тен астам жұмыс орындары құрылатын, жалпы саны 7-ден кем емес жобаларды іске асыру;

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ

Облыста шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

Оның дәлелі — 2018 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ дамыту саласында айтарлықтай оң нәтижелерге қол жеткізілді:

– белсенді жұмыс істейтін ШОБ субъектілерінің саны 8,4%-ға артып, 54,4 мың бірлікті құрады;

– ШОБ саласында жұмыспен қамтылған халық 4,8%-ға немесе 133,9 мың адамға дейін артты;

626,9 млрд теңгеге өнім шығарылды (21,6% өсім; 2018 жылдың 9 айындағы деректер).

Өңірде бизнестің белсенді дамуына мемлекеттің қаржылай қолдауы ықпал етті, бұл мақсатқа 2018 жылы 7,3 млрд теңге бөлінді, соның ішінді «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша – 2,4 млрд теңге.

Бағдарлама бойынша 257 жоба қаржыландырылды.

Жалпы алғанда өңір субсидияланған жобалардың саны мен несиелерді кепілдендіру бойынша елдегі ең белсенді өңір болып табылады.

Жобалар негізінен өндірісте, көтерме және бөлшек саудада, көлік және қоймада, денсаулық сақтауда және т.б. жүзеге асырылады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыруға 2018 жылы 4,9 млрд теңге бөлінді.

Мысалы, 1000-ға жуық адамға 4,7 млрд теңгеге микрокредиттер берілді, оның  92,3%-ы — ауыл тұрғындары.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау алуды жеңілдету мақсатында QOLDAU.KZ электрондық порталы әзірленіп, іске қосылды. Бұл портал кәсіпкерлерге электронды түрде мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді (субсидияның барлық түрлері, кредит беру, жеңілдікті дизель отынын алуға өтінімдер және т.б.).

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2018 жылы 3 мың жеке кәсіпкерлік субъектісіне 5,0 мыңнан астам қызмет көрсетті (бухгалтерлік және салықтық есеп бизнесін жүргізу, сондай-ақ заң қызметтері).

1600-ден астам адам бизнес-негіздеріне оқытылды (Бизнес-Кеңесші, Бизнес-Өсу жобалары бойынша).

«Бастау» жобасы бойынша 2200-ден астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар оқудан өтті.

Сонымен қатар, облыста туризм саласы белсенді дамуда. 2018 жылы жалпы сомасы 6,8 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылды, оның 8 ойын-сауық және мәдени нысандар және 18 жол бойындағы сервис объектілері.

Ақтөбе қаласында алғаш рет 1,8 млрд теңгеге 600 адамға дейінгі сыйымдылықта жазғы аквапарк іске қосылды.

Халықтың бос уақытын қамтамасыз ету үшін 1000,0 млн теңгеге сыйымдылығы 1000 адамға дейін «Yurta Park» демалыс саябағы ашылды.

2019 жылға арналған жоспарлар:

– жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 59 мың бірлікке жеткізу;

– жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесін 23%-ға жеткізу;

– жұмыс істеп тұрған субъектілердегі жұмыспен  қамтылған адамдардың санын 134,5 мың адамға дейін арттыру;

– Ақтөбе қаласының сауда базарларын жаңғырту;

– «Көше саудасындағы 250 орын» бағдарламасы бойынша шағын бөлшек сауда желілерін дамыту»;

– туристік саланы дамытуды жалғастыру.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономиканың басты драйверіне айналуы тиіс.

Ақтөбе облысы бұл міндетті белсенді түрде іске асыруда.

2018 жылы республика бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 228,2 млрд теңгені құрап, 6,2%-ға өсті.

Жалпы астық жинау өткен жылмен салыстырғанда 514,0 мың тоннаны құрап, орташа өнімділік 11,7 ц/га-ға дейін артты.

Суармалы жерлердің көлемі 21,6-дан 30,2 мың га-ға дейін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 11,5%-ға дейін (656 мың га-дан 731,4 мың га-ға дейін) өсті.

Мал шаруашылығында ірі қара мал басы 9%-ға, жылқы — 14,2%-ға, қой-ешкі — 2,2%-ға және түйе 1,1%-ға өсті.

Сонымен қатар, ет өндірісі 7,8%-ға, сүт — 3,9%-ға, жұмыртқа 24,4%-ға артты.

Ет экспортының көлемі 4,7 есеге артып, 2,5 мың тоннаны құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруы 0,14%-ға, қой мен ешкі арасында 0,04%-ға төмендеді.

Бұған мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды сәтті жүзеге асыру арқасында қол жеткізілді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында қаржы институттары мен несие серіктестіктеріне және облыс аумағында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 25,4 млрд теңге көлемінде әртүрлі бағыттар бойынша 1620 жобаға несие берілді.

Ауыл шаруашылығы мақсатында 678,8 мың га көлемде 399 учаске табысталған, оның ішінде егістік – 36,5 мың га;

Мемлекетке көлемі 394,1 мың га 308 учаске қайтарылған, оның ішінде егістік – 39,4 мың га.

Өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру жұмыстары да іске асырылуда.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы жерлерін электрондық картаға енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 700,9 мың га жыртуға жарамды жер толығымен цифрландырылып, 52,3% жайылымдық жер (4 400,0 мың га), 68,2% шабындық (95,4 мың га) жерлер электрондық картаға енгізілді.

Өсімдік шаруашылығы саласында АШТӨ нақты егіншілік элементтерін енгізуде, қашықтықтан суару құрылғыларын қолдану арқылы қазіргі заманғы технологияларды пайдаланады.

Мал шаруашылығы саласында GPS датчиктерінің көмегімен жылқылардың орнын қадағалау үшін спутниктік навигация қолданылуда.

Сондай-ақ смарт-ферма құру жұмыстары да басталды. Қазіргі уақытта мал салмағының орташа тәуліктік өсуін, сүттің жалпы жай-күйін талдауды қамтамасыз ететін технологиялар қолданылады.

Бүгінде 190-ға жуық ауыл шаруашылығы кооператив жұмыс істейді, олардың басты мақсаты шаруашылықтарды біріктіріп, өнімділігін арттыру болып табылады.

Бүгінгі күні кооперативтердің нақты жұмыс нәтижелері бар, атап айтқанда — 2,9 мың тоннадан астам ет өндіріліп, 2017 жылғы деңгейден 18,5 есеге, 1,7 мың тонна сүт өндіріліп, 190%-ға артты.

«АкТеп» ЖШС ірі кластерінің айналасында кооперация негізінде 350-ге жуық фермерлік шаруашылық жұмыс істейді, серіктестер мал азығын дайындауға, лизингке техника алуға және т.б. көмектесуде.

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрлерін дамыту маңызды сала болып табылады.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларында 263 жоба іске асырылды, оның ішінде 2018 жылы 75 шаруашылық іске қосылды.

Бүгінгі таңда облыста дәстүрлі емес шаруашылық пен сүт бағытындағы ешкі өсірумен — 57, бал арасымен — 17, қоян өсірумен — 38, бөдене өсірумен — 58, марал өсірумен — 1, қаз өсірумен — 49 және үйрек өсірумен 43 шаруашылықтар мен үй аулалары айналысуда.

Өңіраралық кооперация шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының және Өзбекстанның бірқатар облыстарымен ынтымақтастық бар.

Бұл бағыттағы 2018 жылы тауар айналымы 13,8 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте биыл тауар айналым көлемін 20%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз.

2018 жылғы қарашада Ақтөбе облысының АӨК-ін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін ауыл шаруашылығы басқармасында Жобалық кеңсе құрылды.

Жобалық кеңсе Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 9 басым бағыты шеңберінде жүзеге асыруды талап ететін 208 жобаның тізбесін анықтады.

Осы жобаларды іске асыру қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын және АӨК саласындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2019 жылға арналған жоспарлар:

– ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметін жандандыру және кооперативтер өндіретін өнімнің жалпы көлемін жыл сайын кемінде 10%-ға ұлғайту.

– азық-түлік өнімдерін өндірудің нақты көлем индексін 110%-ға, қайта өңдеу өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 115%-ға ұлғайта отырып, кәсіпорындарды жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыру.

ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, нақты егіншілікті дамыту және сандық фермаларды құру жөніндегі жұмысты жандандыру.

– ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын 10%-ға (731,4 мың гектардан 805,1 мың гектарға дейін), Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен суармалы жерлерді 10,6 мың гектарға (30,2 мың гектардан 40,8 мың гектарға дейін) ұлғайту;

– ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларында кемінде 40 жобаны іске асырып, өндірілетін өнім көлемін 15%-ға ұлғайту;

– бағаны тұрақтандыру және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын қалыптастыру кезінде делдалдардың санын қысқарту мақсатында Ақтөбе қаласында көтерме сауда тарату орталығын ашу.

Қазақ ұлттық аграрлық университетімен, егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен, шетелдік жоғары оқу орындарымен өндіріске жаңа жетістіктерді енгізу бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру.

 «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»

«Ауыл —  ел бесігі» жобасы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен аттас арнайы жобаны тиімді іске асыруға бағытталған.

Іс-шараның басты мақсаты — меценаттық және қайырымдылық дәстүрлерін ынталандыру және енгізу бойынша тетіктерді әзірлеу.

2018 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысында ауылдық жерлерді қолдау бойынша бірнеше ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Ауыл қамқоршысы» жобасы аясында кәсіпкерлер ауылдарға қамқорлық жасайды.

2018 жылы облыстың бизнес өкілдері 344 жоба бойынша 2 млрд теңгеге көмек көрсетті.

2019 жылы 199 елді мекенде 2,6 млрд теңгеден астам сомаға 310-нан астам жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК

Біздің өңір бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша белсенді өңірлердің бірі болып қалуда.

Жалпы, 2018 жылы әлеуметтік нысандарды салу үшін бюджеттен тыс 32 млрд теңге көлемінде  қаражат тартылды.

Мысалы, Ақтөбеде заманауи халықаралық стандарттарға сай келетін Мұз сарайы салынды. Ол 2500 адам сыйымдылығына арналған, ал сарайдың құны 3,8 млрд теңгені құрады.

Мұз сарайы қысқы спорт түрлерін, атап айтқанда, хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және т.б. жыл бойына дамытуға, сондай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Теннис орталығы салынды, инвестиция көлемі — 1,5 млрд теңге.

Нысанда спортшылар үшін заманауи қонақүй бөлмелері, кофехана, асхана, сондай-ақ жаттығу залы бар. Мұнда жыл бойы тенниспен жаттығу жасалып, республикалық және халықаралық турнирлер өткізіледі.

2019 жылы Батыс-2 ауданында бокс орталығын салу жоспарлануда. Әлеуметтік жауапкершілік аясында Ақтөбеде жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен Неке сарайы салынды.

Сондай-ақ, «Бақытты бала» жобасы аясында «Актюбинская медная компания» ЖШС қаражаты есебінен 1,5 млрд теңгеге қозғалыс-тірек ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығы салынды. Мұнда алғашқы қадамдары оңалтуды қажет ететін жүздеген балаларға жағдай жасалған.

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы салынды. Бірегей жоба «Туған жерге тағзым» аясында жүзеге асырылды.

Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайы пайдалануға берілді. Мұражай қорында 100 мыңнан астам экспонат бар.

Сонымен қатар, бүгінде жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метр болатын алдыңғы қатарлы  халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекет басшысының экономиканы цифрландыру  тапсырмасының аясында «SmartAktobe» жаңа ақпараттық технологиялар орталығының құрылысы жүріп жатыр. ІТ-парктің жұмысы стартаптар мен дамушы ІТ-компаниялар үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

ЦИФРЛАНДЫРУ

Бүгінгі дәуір — ақпараттық теxнологиялар ғасыры.

Президент атап өткендей, «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың және өмір сапасын арттырудың локомотивіне айналады.

2018 жылы мемлекеттік қызметтердің 5 түрі электрондық форматқа ауыстырылып, автоматтандырылды.

Бүгінгі күні мектепке дейінгі балалар ұйымдарында кезектілікті қалыптастыру және жолдама беру бойынша ақпараттық жүйеге облыстың 351 балабақшасының 238-і қосылды.

2019 жылы балабақшаларды 100% қосу жоспарланған.

Жалпы білім беретін мектептерге балаларды қабылдау процесін автоматтандыру пилоттық режимде облыстың 399 мектебінің 80-інде іске асырылды.

Бірінші жарты жыл ішінде бұл жүйемен мектептер 100% қамтылады.

Облыстың барлық 399 жалпы білім беретін мектебі интернетпен қамтамасыз етіліп, «Күнделік» ақпараттық жүйесі енгізілген.

Мектептерді Wi-Fi-ға кезең-кезеңмен қосу жүргізілуде.

Бүгінгі таңда облыстың 202 мектебі Wi-Fi-мен жабдықталды.

2018 жылы облыс мектептері үшін жергілікті бюджет арқылы 11,1 мың компьютер сатып алынды.

Медицина саласында 46 медициналық ұйымдарда медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді.

Қағазсыз құжат айналымы шеңберінде 97 медициналық нысан электрондық нысанға ауыстырылды.

ТКШ саласында «Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірегей ақпараттық жүйесі» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында 9 үйге деректер беретін 27 есептеу құралдарын қосу жұмыстары жүргізілуде.

Барлық іріктелген үйлер толығымен қажетті құралдармен, оның ішінде «Ақбұлақ» АҚ-ына деректерді беру функциясы бар суды есепке алудың жалпы үйлік және «Энергосистема» ЖШС-ына деректерді беру функциясы бар электр энергиясын есепке алудың жалпы үйлік құралдарымен жабдықталған.

Қоғамдық көлік қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін «AktobeBus» мобильді қосымшасы іске қосылды, «ақылды аялдамалар» жобасы іске асырылуда.

Пилоттық режимде қалалық маршруттың 10 автобусында электронды билет жүйесі орнатылды.

Сондай-ақ автобус паркін GPS трекерлермен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, қоғамдық көлікті диспетчерлендіру бойынша орталық қызмет ұйымдастырылды.

Барлық салаларды цифрландыру жұмыстары 2019 жылы жалғасын табатын болады.

2019 жылға арналған жоспарлар:

– балабақшаларда, қосымша білім беру субъектілерінде, мектептерде, колледждерде, ауруханаларда өтініштерді қабылдаудан бастап жолдама беру және есепке алуды қамтамасыз етуге дейінгі барлық іс-әрекеттерді 100% автоматтандыру;

– фото бейнетіркеу және құқықбұзушылықты талдау жүйесін іске қосу;

– қоғамдық көлікті барлық жерде электронды билет жүйесіне қосу;

– коммуналдық қызмет құралдарын есепке алу, ақылды жарықтандыру (Ақтөбе қаласында жарықтандыруды ЛЭД лампаларына көшіру), «Е-ПИК» және

«Е-Шаңырақ» жүйелерін дамыту;

– жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары орнатылады (88 МДҰ және 35 жалпы білім беретін мектептер);

– 12 аудан мен Ақтөбе қаласында 23 IT-сыныптар құрылады;

– «112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі және «109» жедел әрекет ету қызметі құрылады.

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

Облыста құрылыс  жоғары қарқынмен дамып келеді.

Яғни құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылғы деңгейіне қарағанда 9,5%-ға өсіп, 179,5 млрд теңгені құрады.

Пайдалануға 908,6 мың шаршы метр тұрғын үй (114,7%) немесе 7,9 мың пәтер берілді, бұл 50 жыл ішіндегі рекордтық деңгей болып табылады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 185,3 мың шаршы метр немесе 2,5 мың пәтер пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, тез салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба шеңберінде 32,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 424 пәтер пайдалануға берілді.

Бұл ретте 85% жергілікті мазмұндағы құрылыс материалдары пайдаланылды, 750 жұмыс орны құрылды және облыстың құрылыс кәсіпорындарының толық жүктелуі қамтамасыз етілді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 11,4 мыңнан астам жер телімі бөлінді.

2019 жылға жоспар:

кемінде 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру;

ЖТҚ үшін кемінде 12 мың жер учаскелерін беруді қамтамасыз ету;

– өңірдегі құрылыс кластерін құруды жеделдету;

құрылыстың жаңа әдістерін, қазіргі заманғы материалдарды енгізу, ғимараттардың экологиялық және энергия тиімділігін арттыру, ғимараттарды жобалауда және қала құрылысын жоспарлауда жаңа тәсілдерді қолдану бойынша жұмыс жүргізу.

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыс бойынша электр беру желілерінің жалпы ұзындығы — 17 371 км.

Облыстың электр энергиясымен қамтамасыз етілуі — 100 %, және тұрғындар толықтай Ақтөбе облысының меншікті электр көздерінен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн.

2018 жылы инвестициялық бағдарлама аясында жалпы сомасы 1,0 млрд теңгенің жұмыстары орындалды.

Энергия объектілерінің тозуын төмендету мақсатында, жөндеу қоры шеңберінде 2018 жылы 855,58 км электр беру желілеріне, 226 трансформаторларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылға жоспар:

2019 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаға және қосалқы жабдықтардың жөндеу қорына сәйкес 1,6 млрд теңге сомаға іс-шаралар жоспарланған.

Ақтөбе облысында 2019-2020 жылдары жаңартылатын энергия көздері саласында 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда (жел электр станцияларының құрылысы): «Желэнерго» ЖШС (450 кВт/сағ), «Arm Wind» ЖШС (жылына 48 МВт), «Kimpersay Energy» ЖШС (жылына 100-ден 300 МВт дейін).

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ-СУ БҰРУ

Мемлекет басшысы халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі күні тұрғындарды орталық сумен қамтамасыз ету 92,6%-дан 94,5%-ға дейін артты.

2018 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту шеңберінде жалпы сомасы 6,6 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылды. Оның 20-сы пайдалануға берілді.

2019 жылы сумен жабдықтау жөнінде 2,2 млрд теңгеге 11-ден астам жобаны іске асыру жоспарланған, бұл халықты 94,9%-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді.

«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2,0 мың жұмыс орны ашылды. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 18 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға Ұлттық қордан және республикалық бюджеттен 6,6 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

Жобаларды іске асыру шеңберінде 18,0 км инженерлік желі, 121 құдық, 18 ысырма, 11,5 км автомобиль жолдары және Ақтөбе қаласының АФЗ ауданында жол өткелі салынды.

Сонымен қатар, жақсы және қанағаттанарлық автомобиль жолдарының жергілікті желісінің үлесін арттыру үшін 152,2 км жол жөнделді.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Автомобиль жолдарының сапасы өңір үшін үлкен  мәселердің бірі болып келеді.

2018 жылы 404 шақырым жолға жалпы құны 35,7 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды, бұл дегеніміз 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық.

Бұл ретте, автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына   «ресайклирование» инновациялық әдісі пайдаланады, бұл әдіс — қолданыстағы жол жамылғысын қалпына келтіріп, қайта жаңарту жұмыстарының мерзімдері мен қаражат шығындарын қысқартады.

2018 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге келесі нысандар бойынша жұмыстар жүргізілді: («Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы — 0-21 км учаскесі», «Ақтөбе-Орск — 0-8 км учаскесі», «Шалқар-Бозой»,«Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк (РФ)», «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық», «Дөң-Бадамша», сонымен қатар Ақтөбе қаласының АФЗ ауданындағы жол өтпесін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл жолдағы қауіпсіздікті жақсартуға және трафикке жүктемені айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

2019 жылға жоспар:

Ағымдағы жылы 500 км автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жоспарлануда («Ақтөбе-Атырау-Астрахань (РФ)»,«Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолының 21,5 учаскесі — Елек өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен 33,5 км учаскесі», «Ақтөбе-Орск 8-16 жол учаскесі», «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк (РФ)»,  «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» «Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск» және «Қобда-Мәртөк».

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ

2018 жылы «Туған жерге тағзым» акциясын жүзеге асыру ауқымында жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 811 жоба іске асырылды.

Жүзеге асырылған ірі жобалар: Ақтөбе қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен «Анаға тағзым» мұражай-үйі, Алға ауданындағы Амангелді селосының Мәдениет үйі.

2019 жылы акция аясында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 532 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

«Архив-2025» арнайы жобасы аясында өңірдің архивтерінде сақтаулы аса құнды құжаттарды цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік беретін  «Электронды  архив»  жобасы жүзеге  асырылады (жоба құны — 95,0 млн тг.).

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында облыс орталығында Бауыржан Момышұлы, Едіге батыр, Жалаңтөс Баһадүр, Есет батыр Көкіұлына ескерткіш орнатылады және «Ұлы дала шежіресі» атты ескерткіш-кешен, музей-визит орталығы ашылады.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында өткізілуі жоспарланған  «Ұлы дала мұрагерлері» атты сақ-түркі әлемі Халықаралық форумы жылдың ең негізгі шарасы  болып табылады.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Облыстың халқын жұмыспен қамтамасыз ету — аумақтың дамуының ең басты басымдылығы болып табылады.

2018 жылы 20,4 мың жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 65%-ы – тұрақты жұмыс орны.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы белсенді іске асырылуда, оның негізгі мақсаты —  өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты экономиканың белсенді қызметіне тарту.

2018 жылы 49,8 мың адам қамтамасыз етілді, жоспар 44,0 мың адам.

Бағдарлама аясында  2,7 мыңнан астам адам еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқуға бағытталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі —

4,7% (3 тоқсан 2018 жыл), жастардың жұмыссыздық деңгейі – 3,0 (ҚР – 3,9%).

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен  1824,7 млн теңге қаралып, игерілді (2017 жыл -1234,0 млн. теңге).

Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес  2018 жылы 12179 мүгедек жалпы сомасы 955,4 млн теңгеге  гигиеналық және техникалық жабдықтармен, протезді-ортопедиялық көмекпен және санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді, 955,4 млн теңге бөлініп, толығымен игерілді.  Арнайы әлеуметтік қызметтер 3307 адамға көрсетілді, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен 290 тұрғынға (мүгедек балаларға,  қарттарға, мүгедектерге, адамдар саудасына ұшырағандарға, тұрмыстық зорлық көргендерге) көмек көрсетілді.

2019 жылға жоспар:

– Халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Кешенді жоспар аясында жалпы саны 38 мыңнан аз емес халық жұмыспен қамтылады, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы іске асырылатын міндеттер:

20 мыңнан аз болмайтын жаңа жұмыс орындарын ашу;

– жұмыссыздық деңгейін  4,8% деңгейінде ұстау;

БІЛІМ БЕРУ

Адам капиталы ел мен қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің негізі болып табылады.

Осыған байланысты біздің негізгі міндеттеріміздің бірі – білім беру қызметтерінің сапасын және тиісті базаны арттыру.

Сонымен қатар, Балалар жылы аясында Ақтөбе облысында «Бақытты бала» ауқымды жоба сәтті жүзеге асырылды.

Осылайша өткен жылы 5 мыңнан астам орынға 44 мектепке дейінгі мекеме ашылды, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 95,6%-дан 98,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда облыстың барлық аудандарында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту қамтамасыз етілген.

Облыста 142 247 оқушыны қамтитын 399 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде

2 мектепте үш тілде, 233 мектепте пилоттық режимде ағылшын тілінде оқыту элементтері бар, 7 гимназия, 15 мектеп-гимназия, 5 лицей жұмыс істейді.

27 мектептің құрылысы жүргізіліп, оның 15-і пайдалануға берілді.

Пайдалануға берілген мектептер 7 үш ауысымды, 2 орын тапшылығы бар,

1 апатты және 1 ескі мектептердің мәселесін шешті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлінеді.

Елімізде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі, инклюзивті балаларға арналған «Күншуақ» сауықтыру лагері, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы (түзетім) балабақша, жыл бойы жұмыс жасайтын «Әсем» оқу-сауықтыру лагері ашылды.

Сонымен бірге, Қазақстанның және облысымыздың киелі және көрікті жерлеріне 14 584 бала туристік саяхаттарға жіберілді.

136 жетім балаға пәтер кілті табысталды.

2019 жылға жоспар:

– мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және жеке инвестиция есебінен 3 940 орынға арналған 25 балабақшаны іске қосу;

– 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша орын тапшылығын толығымен жою, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту үлесін 100 %-ға жеткізу;

– облыс білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

– жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету;

3 640 орынға 11ден кем емес мектепті пайдалануға беру;

– мектеп алды даярлық тобы мен класс оқушыларын толықтай оқулықпен қамту және Ақтөбе қаласы бойынша оқулық жетіспеушілігін болдырмау шараларын алу.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық — бұл халықтың толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандығының жағдайы.

Облыста денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көніл бөлінеді.

Жылдан жылға жаңа медициналық мекемелер салынуда, қолданыстағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы артуда.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс ауруханаларында 126 017 науқасқа (оның ішінде 16054 — жеке ауруханаларда) медициналық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 33 093 хирургиялық оталар жасалды, оның 1311-і — жоғары мамандандырылған инновациялық медициналық қызметтер.

Бүйректі ауыстыру бойынша 7 операция және бауыр ауыстыру бойынша 2 операция жасалды.

Ақтөбе облысы халқының өмір сүру ұзақтығы 74 жасқа дейін өсті.

Қабылданған шаралар денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің артуына мүмкіндік берді: туу өсімі2%, ана өлімі 3,8% төмендеді.

МЖӘ аясында офтальмологиялық аурухана, жедел жәрдем бекеті сияқты жобалар іске асырылды, ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар салынды.

2018 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде 15 медициналық нысанның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді: 9 дәрігерлік амбулатория,

4 фельдшерлік-акушерлік пункттер және 2 медициналық пункт.

Бүгінгі күні денсаулық сақтауда ақпараттық технологияларды қолдану тек тренд емес, денсаулық сақтау қызметінде тиімді медициналық инфрақұрылымды құруға мүмкіндік беретін басым бағыт болып отыр.

Медицинадағы ақпараттық технологиялар барлық процестерге дерлік — дәрігерге жазылу және электрондық медициналық карта жүргізуден бастап, медициналық ұйымдардың ресурстарын басқаруға дейін енгізілді.

Сандық медицинаның арқасында бүгінде өңірде дәрігердің қабылдауына  жазылу оңайырақ болды. «DamuMed», «Дәрігерге» мобильді қосымшаларының көмегімен қабылдауға жазылу, дәрігерді үйге шақыру, сондай-ақ Egov порталында мемлекеттік қызметтерді алу пациенттер үшін үйреншікті іс болды.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден 2019 жылғы 16 қаңтарға дейінгі кезеңде түскен жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 6,2 млрд теңгені құрады, бұл жалпы көлемнің 4,7%-ын құрайды.

Оның ішінде 5,9 млрд теңге (шамамен 95,2%) жұмыс берушілердің аударымдары, 0,3 млрд теңге (шамамен 4,8%)азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарналарына қатысты.

2019 жылға жоспарлар:

Шетелдік әріптестермен бірге бірқатар инновациялық медициналық нысандарды аяқтау жоспарлануда:

– Сеул ұлттық университетімен бірлескен «Check-up» орталығы. Бұл жобаны іске асыру пациенттің ағзасындағы бастапқы биохимиялық өзгерістер сатысында ауруларды диагностикалауды жақсартады, бұл облыс тұрғындарының аурушаңдығын таяудағы 3 жылда 30-35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді;

– «GeneralElectric» американдық компаниясымен бірлескен позитронды-эмиссиялық томография орталығы. Бұл бірегей орталықты пайдалануға енгізу біздің өңіріміздің тұрғындарына онкологиялық көмек көрсетуді жаңа сапалы деңгейге көтереді және өлімді 15-20%-ға төмендетеді;

– Германия және Словакия мамандарымен бірлескен балаларға арналған онкогематологиялық орталық лейкозбен ауыратын аймақтың балаларына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады;

10 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, облыста және қала маңында 6 медициналық пункттер ашу жоспарлануда.

СПОРТ

2018 жылы облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 31%-дан 32%-ға өсті.

Спорт ғимараттарын салу және іске қосу белсенді жүргізілді.

Атап айтсақ, облыста спорттық ғимараттардың саны өткен жылмен салыстырғанда 83 бірлікке көбейген, оның ішінде — 45 хоккей және 8 теннис корттары, 6 жазықтықты құрылғылар, 5 жүзу бассейндері, 4 спорт залдары, 3 спорт кешендері, спорт сарайы және т.б.

Сонымен қатар, қысқы спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында кәсіби жастар хоккей командасы құрылды.

Елбасының республика бойынша 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 4 ауданында (Мәртөк, Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би) өткен жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы қолданысқа беру жоспарлануда.

2019 жылға жоспарлар:

– дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың санын

33%-ға жеткізу.

– 3 ауданда (Темір, Байғанин, Мұғалжар) дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, халықаралық стандартқа сәйкес келетін жеңіл атлетика манежінің, бокс орталығының құрылыс жұмыстарын бастау.

– бюджеттен тыс қаражат есебінен Ақтөбе қаласының әр бөлігінде 3 спорттық кешендерін салу.

– екі мыңнан астам дене шынықтыру-сауықтыру, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізу, оның 150-ден астамы — ірі спорттық шаралар.

МӘДЕНИЕТ

2018 жылы 28 мыңнан астам мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған 3,8 млн адам қамтылды.

23 мәдениет объектісіне ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2018 жылы Астана қаласында Астананың 20 жылдығына орай «Бейбітшілік қабырғасы» монументі салынды және 2018 жылғы 9 мамыр Жеңіс күніне орай РФ Ржев қаласында қазақстандық-жауынгерлерге арналған мемориалдық кешен қайта жөндеуден өтті.

2019 жылға жоспар:

2019 жылы 9 мәдениет объектісін салу және 6 мәдениет объектісіне  ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

МЖС аясында Хромтау қаласында мәдениет және демалыс орталығын салу жоспарлануда.

Сондай-ақ Санкт-Петербург қаласында (РФ) Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға ескерткіш салу, сондай-ақ оған іргелес аумақты абаттандыру жоспарлануда. Түркістан қаласында Ақтөбе облысынан нысанның құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ 4 млн адамды қамти отырып, 28,5 мыңнан астам мәдени шара ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың басты міндеттерінің бірі — республикалық деңгейдегі ірі шараларды ұйымдастырып өткізу, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай  меценаттардың қолдауымен ескерткіштер, парк-скверлер, әлеуметтік объектілер ашу болып табылады.

«ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»     

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың күзінен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Халық оған оң баға берді.

Аудандарда 7 «десанттар» шеңберінде 10 мыңнан астам іс-шаралар өткізіліп, 400 мыңнан астам адам қамтылды.

Жоба аймақ тұрғындарының өзекті мәселелерін  нақты шешуге бағытталған.

500-ден астам жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, 150-ден астам хирургиялық оталар жүргізілді, 2000 адам емделді, 1,7 млрд теңгеге 184 бизнес-жоба қаржыландырылды.

2019 ЖЫЛ —  ЖАСТАР ЖЫЛЫ

Қазақстан Президенті өз Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды.

Ақтөбе облысында 208,2 мың адам — 14-29 жас аралығындағы халық саны, бұл аймақ халқының 24,3%-ын құрайды.

2018 жылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында 1599 іс-шара өткізілді, оған 161 624 жас қатысты.

Өткен жылдың қараша айының басында Ақтөбеде алдағы Жастар жылына арналған «Jas barys» бірінші облыстық жастар форумы өтті.

Форумның мақсаты —  отансүйгіштікті, гуманистік және рухани дамуды қалыптастыру, жас ұрпақтың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.

Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты.

Олар — Қазақстан мен Ресей жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, ауыл жастары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, Жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағалары, жас кәсіпкерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, мәдениет және спорт саласындағы мамандар.

Сонымен қатар «Jas jerlester» жастар форумы өткізілді.

Форумның мақсаты — жастар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес арасында тәжірибе алмасу және пікірталас алаңын орнату.

Форум аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сонымен қатар, әрі қарай ынтымақтастық үшін қаланың үкіметтік емес ұйымдарымен меморандумға қол қойылды.

Оның ішінде форум аясында, Халықтық кеңсе ғимаратында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды.

Дүниежүзілік Даму банкінің қолдауымен «Zhas Project» жобасы жүзеге асырылды, ол жастардың осал тобын жұмысқа орналастыру үшін жақсы нәтиже көрсетті.

Жоба аясында 163 әлеуметтік жастар жобасы қаржыландырылды (әрбір жоба 1 млн теңгені құрайды).

2019 жылға арналған жоспарлар:

– «Жастар жылы» аясында облыста 22 325 жас адамды жұмысқа орналастыру;

– жастар арасында «Жасыл ел» жасақтарына қатысушылардың санын 6000  адамға дейін жеткізу;

– жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, жастарды және 29 жасқа дейінгі жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа арнайы бағдарламаны іске қосу. Бірінші кезеңде 150 пәтер пайдалануға беріледі;

– жастардың Старт-ап жобаларына 40 млн теңге бөлу;

300-ден астам жас жеңілдетілген несиелер мен гранттар түрінде мемлекеттік қолдау алу арқылы кәсіпкер болуға мүмкіндік алады;

– жастарға арналған 12 коворкинг орталығын ашу.

ТАРИФТЕР

Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Ақтөбе облысының тұрғындары үшін коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді:

– тауарлық газды сату бағасы 10,2%-ға төмендетілді;

– жылумен жабдықтау бойынша тариф 10,2%-ға төмендетілді;

– ауызсумен жабдықтау бойынша тариф 5,5%-ға төмендетілді;

– кәріз желілерімен жабдықтау бойынша тариф 5,9%-ға төмендетілді.

– электр энергиясының тарифі 3,0%-ға төмендетілді;

– жалпы мүлікті күтіп ұстауға ай сайынғы салымның орташа өлшемі 7,3%-ға төмендетілді;

– лифтілерге техникалық қызмет көрсетуге тарифтер 10%-ға төмендетілді;

– домофондарға қызмет көрсетудің тарифі 5%-ға төмендетілді;

– халық үшін ҚТҚ шығару тарифі 1%-ға төмендетілді.

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР

2018 жылы облыста 44,6 мың облыс тұрғындарының қатысуымен барлық деңгейдегі әкімдердің 533 есептік кездесуі өткізілді.

Кездесулер өткізу барысында 947 сұрақ түсті, оның 803-іне қанағаттанарлық жауаптар немесе түсініктемелер берілді, 111 сұрақ аудан және қала әкімдерінің іс-шаралар жоспарына, 33 сұрақ облыс әкімінің іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Есептік кездесулері барысында көтерілген мәселелер: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру саласында — 28,8%, жолдарды жөндеу және салу саласында — 12,8%, әлеуметтік нысандардың құрылысы және жөндеу — 10%.

Жалпы бүгінгі күні 144 сұрақтың 68,7%-ы (99 сұрағы) орындалды, 45 сұрақ  орындалу сатысында.

Ағымдағы жылы барлық деңгейдегі әкімдердің 526 есептік кездесуін өткізу жоспарланған, қазіргі таңда облыстың 22,5 мың тұрғынының қатысуымен 424 кездесу өткізілді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Жергілікті атқарушы органдар барлық уәкілетті органдармен бірлесіп қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осының жарқын мысалы «Сыбайлас жемқорлықтан азат аймақтар» жобасын іске асыру шеңберінде тәжірибе бойынша алынған  елордалық «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі болып табылады.

Азаматтық қоғамның барлық белсенді субъектілерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасы құрылды. Мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендету мақсатында облыста көрсетілетін қызметтер аясында «Халық кеңсесі», «Көші-қон қызметі орталығы», автокөліктерді тіркеу үшін мамандандырылған ХҚКО ашылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру желісі бойынша 1 256 білім беру және ғылыми- тәжірибелік іс-шаралар, оның ішінде 1 052 семинар мен дәріс, 171 дөңгелек үстел, 9 конференция мен форум, 24 зияткерлік ойындар мен конкурстар өткізді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

2018 жылы Ақтөбе облысында 14649 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.

Ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны 20,6%-ға (1040-тан 825-ке дейін) төмендеді, олардың ашылуы жақсарды және 56,9%-ды құрайды.

Сонымен қатар, бірқатар қылмыстар бойынша төмендеу байқалады, оның ішінде: денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру 108-ден 96-ға дейін, зорлау 65-тен 57-ге дейін, бұзақылық 746-дан 718-ге дейін, қарақшылық шабуыл 45-тен 28-ге дейін, алаяқтық 1127-ден 1046-ға дейін.

2018 жылы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,3 млрд теңге бөлінді, 108 бірлік көлік құралдары сатып алынды, ағымдағы жылы 761,3 млн теңге бөлінді.

Өткен 2018 жылдың негізгі қорытындылары және ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттер осындай.

Тек өңір тұрғындарының ортақ күшімен ғана біз халықтың әл-ауқаты мен табыс деңгейін жақсарта аламыз!

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button