Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлер жалақысын көтеру үшін 2 миллиард теңге бөлінеді

Облыста мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2 миллиард теңге  бөлінеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов мәлімдеді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіруді, бұл міндетті өңірлік деңгейдегі резервтер есебінен шешуді тапсырған болатын. Бұл мақсатқа Ақтөбе облысы 2 миллиард теңге қарастырып отыр. Оның 1,9 миллиард теңгесі мемлекеттік органдардың және бағынышты ұйымдардың шығындарын оңтайландыру, ал 9 миллион теңге — әлеуметтік зерттеулер мен мемлекеттік тапсырыстың құнын төмендету есебінен жүргізілмек, — деді Р.Бисенов. Оның айтуынша, 2019 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жалақы көтеру жоспарлануда.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button