Спорт

Ақтөбелік боксшы қыз — чемпион

Турнир

Жерлесіміз Ксения Древал Сербия елінде өткен халықаралық турнирде алтын медальға ие болды.

19 қаңтар күні Сербия мемлекетінде бокстан жасөспірім қыздар арасында «Ұлттар Кубогы» халықаралық турнирінің финалдық кезеңдері өткен-ді. Онда

ақтөбелік спортшы Ксения Древал +80 келі салмақ дәрежесінде «халықаралық чемпион» атағын жеңіп алды.

15 жастағы Ксения ақтық кезеңде Словения елінің қызымен кездесіп, қарсыласын аса басымдылықпен тізе бүктірді.

Оның жаттықтырушысы — Әлімбек Балмағамбетов.

Айта кетейік, бокстан «Ұлттар Кубогы» халықаралық турнирі Сербияның Сомбор қаласында 14-21 қаңтар аралығында өтті. Дода қорытындысы бойынша Қазақстанның  жасөспірім қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Жеңіс құтты болсын, Ксения!

Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button