Басты жаңалықтарСпорт

ІІІ облыстық қысқы жастар ойындары басталды

Жұма күні Ақтөбе қаласындағы «Олимп» хоккей модулінде ІІІ облыстық қысқы жастар ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа облыс аудандарынан және Ақтөбе қаласынан барлығы 1500-ден астам спортшы жиналды.

Аталған жарысқа шаңғы тебу, спорттық бағдарлау, қысқы көпсайыс, шайбалы хоккей, допты хоккей, шорт-трек, керлинг, мәнерлеп сырғанау және биатлон спорт түрлері бойынша барлығы 7 команда бақ сынауда. Үздік танылған ең мықты спортшылар республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, ІІІ облыстық қысқы жастар ойындары 5 қаңтар күні спорттық бағдарлау, шорт-трек ойындарымен бастау алды. Сондай-ақ, қалған спорт түрлері бойынша жарыстар 10 ақпанға дейін жалғасады.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button